Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

«Айқын» газеті: «Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?»

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: «Батыр, защитник, дипломат»

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Открытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

КіріспеГлавнаяMain

Главная

(qazaqadebieti.kz сайтынан алынған мақала) 

Кейінгі кезде кейбір әдеби ақпарат беттерінде, киноленталарда Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбай образына ревизия жасамаққа ерекше белсенділік көрсетіп жүргендер бар. Абайдың әкесі Құнанбайды Мұхтар Әуезов данышпан етіп көрсеткен, кейіпкер болмысындағы шындықты көркем де ащы аша білген. Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» эпопеясының бейнелер галереясына дау туғызу тұрмақ, ұлттық көркем шежіресіне жатқызады. Біз де соны ұстануымыз керек. Бұл орайда айтпағымыз, Әуезовтің қа­ламынан туған Құнанбай образына сол уақытта қалған әңгімелерге бір кезең деп қойған да дұрыс. Соңғы уақыттағы құнанбайшылар етек алып бара жатқан соң, өткен замандағы найман мен тобықты ішіндегі тартыстан хабары бар азаматтың бірі ретінде осы жәйді оқып, көріп отырып, үнсіз қалуға қаламгерлік арым шыдамады. Ал бұған қарсылық білдірушілерге айтарым – М.Әуезовтің толық шығармалар жинағының 15 томының, Б.Шолановтың «Шыңғыстау – Кеңгірбай би» деректі кітабын мұқият оқып шығуларын өтінер едім.

Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы туған. Құнанбай ұл кіндік­тен әкесінен жалғыз болғандықтан (Құттымұқанбет деген інісі жас ке­зінде шетінейді), бидің жалғызы де­лініп, еш нәрседен беті қайтпай өседі.

Құнанбай кәмелет жасқа толы­сымен атқа мініп, ол кездегі рулар арасындағы барымта шабыстарға қатысып жүреді. Сол кездегі қа­зақ­­тың жігіттігі осындай тар­тыс­тар­да анықталып, соған сәйкес ер­лігі бағаланған. Әкесі Өскенбай Сыр бойынан қожа тұқымын ша­қыртып, қару-жарақты пайдалану әдістерін үйреткізеді.

Құнекең 18-19 жастарға келген­де маңайындағы Уақ, Жігітек, Бө­кенші-Борсақ, Жуантаяқ руларын оңды-солды барымталап, ен­ді Арқат тауынан асып барып Ма­тай еліне тиісе бастайды. Өйт­кені, Найманның ең батыры көп елі матай мен сыбандардың бір әу­селесін көрейін деген көкейін­де­гі оймен Матайдың жылқысына тиіп, бір үйірден астам жылқыны ба­рымталап кетеді. Сөйтіп, тым-ты­рыс жатады да, қуғыншы күтеді. Содан жылқышыларын жоқ қа­ратып солай жібереді де, енді сыбандар ауылын торуылдай бастайды. Ол кезде сыбанның жанкөбек руы жылқысы Құндызды ма­ңайын­­дағы қыратта күзекте жа­тады екен. Бір күні ай жары­ғымен кеп 5-6 жігіттерімен одан екі үйір жыл­қы барымталап, ізін Ащысу өзе­нінің бойына қарай салып ай­дап әкетеді.

Міне, осыдан кейін Өскенбай ауы­лы жас та болса оған батыр деп қа­рай бастайды. Құндызды ауылында бір жамағайындарының шіл­деханасы болып, сол той үстін­де әбден кәнігіп, асқан Құнан­бай:

– Уа, халқым, матайыңды мы­ты­дым, сыбаныңды сыпырдым, матай мен сыбанды батыр деуші еді, малын іздемейтін қатын боп кеткен бе? – деп кеңкілдей күледі.

Бұл сөзді осы ауылға тойлай кел­ген Ақшатау жақтың наймандары да естіп, ауылдарына қайтқан соң Солтабайдың Барақ төресіне айтады. Құнанбай ауылы ол кезде орыс патшасының билігі қол ас­тында. Барақ төре болса, Аягөз, Үр­жар дуанының қожасы. Билер­дің ортасына салып тәртіпке ша­қыруға Құнанбай бағынышты бол­мағасын келмейді де. Енді не істеу ­керек? Билермен ақылдасады. «Бі­лекті бірді алар, әйтпесе сүйек­ке таңба болар, Өскенбай ауылына Құнанбайдың желігін басатын батырыңды жібер де, төрт үйір жыл­қысын айдатып ал» дейді.

Сонымен, Барақ төре қол ас­тын­дағы атқамінер жігіттермен әң­гімелесе келе қара қасқа атты Қа­зыбек батырға тоқталады. Қа­зыбек орта жүзге белгілі батыр болған Қондығұл Түгелбайұлы­ның екінші ұлы екен. Қондығұл өз заманында аса қайратты, қылыш­тасу мен семсерлесу әдістерін же­тік меңгерген, елден ерекше шоқ­пар асынып жүретін батыр еді. Ол Қабанбайдың мыңбасы болған. Бір соғыста Қабанбайдың қайна­ғасы Малайсары жау ортасына түсіп қап, Қабанбай оны құтқаруға тыңда тұрған шеріктерімен Қон­дығұлды жұмсайды. Батыр әске­рі­мен құйындата келіп жау ортасына еніп, бір қолында қылышы, екінші қолында шоқпарымен оңды-солды жамсатып, жара­лан­ған Малайсарыны ұрыс алаңынан алып шығады. Жота басында ба­тыр­лардың бұл шайқасын байқап тұр­ған Абылай:

– Әй, Қабанбай, ана құлашын оң­­ды-солды сілтеген батырың кім? – дейді.

– Ол – нағашы бауырым, сізге де бөтен емес, балдызыңыз Қон­ды­ғұл деген ұлы жүздің Ша­ныш­қы­­лы, оның ішінде Қарақалпақ де­­ген руынан, – дейді. Абылайдың Топыш бәйбішесі де сол рудан екен.

Шайқас артынан Абылай Қон­дығұлға қара ат мінгізіп, «Құлаш­бек» деген лақап ат беріпті. Сол Құл­ашбек пен Бердіқожа батырлар есімі «Қабанбай жырында» бү­гін­дері бар. Абылай кейінірек Қон­дығұл бастатқан мыңдықты өзі­не күзетке сұратып алған деседі. Осы күнгі Көкше бауырындағы Қа­рақалпақ тауы етегіндегі ел, Қостанайдың Семизор ауданында­ғы Қарақалпақ ауылы, ШҚО-ның Ақибуй, Таскескен елді мекен­де­рін­дегі рулар сол кезде ханмен іле­скен шеріктерден тараған жұрт кө­­рінеді.

Кейін жоңғар-қазақ соғысы аяқ­талар кезде Қондығұл Аягөз бойында қара қытайлармен болған соғыста қырықтан асқан жасында мылтық оқтан мерт болады. Зираты Аягөздің батысында, Буденный деген ауылдан тас жолға шыға берген төбе басында. Төрт құлақты тас бейітте батырдың бас жағында қолына ұстаған шоқпары қойыл­ған, ол бертінге дейін тұрыпты.

Сол Қондығұл батыр Өскен­бай­дың Айкежан деген қарында­сы­на үйленген. Содан Қазығұл, Қазыбек және екі қыз бала туған.

Қазыбек батыр шамамен 1746 жыл­дары дүниеге келген. Ке­йін атқа мініп ел намысын қор­ғай­тын кезде әкесі ықпалымен жо­рықтарға қатысып, найзалау, семсерлесу өнерін әкесінен үй­рен­ген. Әкесіне еліктеп, қара ат мініп, айыр қал­пақ киіп төре ауылының күзетін басқарған. Абылай тапсырмасымен Қытайдың Шәуешек қаласына жылқы, қара мал айдап пұлдап сат­қызып, одан түскен ақша мен дү­ниені Абылай, Барақ төрелер ауылына жеткізіп отырған*.

Барақ төре билермен ақыл­да­сы­п алғасын Құнанбайдың жел­і­гін басуға Қазыбек батырды жібе­ру­ді шешеді. Өйтпесе, асқынып, асып бара жатқан Құнанбай одан зор қауіп туғызуы мүмкін еді.

Бірақ ол кезде шамамен 1822 жыл­дары болған оқиға, Қазыбек ба­тыр алты мүшелге, яғни жет­піс­тен асқан шағы екен. «Құнанбай жас, күші мығым, найзагер дейді, жа­зым етер, бармасаң қинамайын, бі­рақ Найманның намысын кім қор­ғайды?» – деп Барақ батырға ел тілегін де білдіреді.

Сонымен, Қазыбек қара қасқа атын сайлап, сауытын өңгеріп, 5-6 жігіттерін ертіп Өскенбай ауылына нағашы жұртына түнделетіп жү­ріп кетіп, еш ың-шыңсыз жыл­қы ауылын тауып, жылқышы­ла­рын байлап тастап, ішіндегі ақса­қа­лын қоя беріп: «Құнанбайға ха­бар бер» дейді де, төрт үйір жыл­қыны алдарына сап Құндыздан оларды асырып жіберіп, өзі төбе басына шығып, сауыт-сайманын киініп, қуғыншыларды тосып жан­­­тайып жатады. Күн арқан бойы көтерілген сәтте Өскенбай ауылы жақтан шаң көтеріледі. Әне-міне дегенше, елу шақты қу­ғыншыны бастап келе жатқан Құ­нанбайдың өзі көрінеді. Қазы­бек асықпай атына мініп, найзасын оң қолына мығымдай ұстап төбе басынан:

– Қуғыншы болсаң, тоқта! Іш­теріңде Құнанбай бар ма?! – дей­ді ақырып.

– Әй, қақпас, не істейін деп едің, міне, мен Құнанбаймын! – деп ол да сауытын жарқылдатып, найзасын қолына алып көпшілік алдына шыға береді.

– Найманның жоғын жоқтай­тын батыр жоқ, ылғи қатын екен деген сөзді айтқаның рас болса, шық жекпе-жекке, майданға! – дей­ді қара қасқа атын тебініп.

– Ә, бейшара шал, найманның на­мысын қуалаймын деп жүріп ай­далада өлімтігің ит-құс пен қар­ға­ға жем болады ғой, ең болмаса кім­ді өлтіргенімді білейін, кім бо­ла­сың? – дейді Құнанбай.

– Қара қасқа атты Қазыбек де­генді естуің бар ма? Естісең, ен­деше көп мылжыңдамай са­йысқа шық бері! – деп атын ой­нақ­татып, Қазыбек ұрыс алаңына тұра қа­ла­ды.

Қуғыншылар кілт тоқтап, Құ­нанбайға қарайды. Құнанбай най­засын алдына өңгеріп, ұрыс алаңының екінші басына шығады. Екеуі де екпіндете келе найзаларын түйреседі. Темір сауытқа тиген қарудың шақыр-шұқыр дыбыстары естіледі. Екі батыр осы­лай­ша сүт пісірімнен аса бірін-бірі ала алмай найзаласады. Жас, күші басым Құнанбай шал батырды тапап кететіндей көрінеді. Сол-ақ екен, қуғыншылар «Құнанбай! Құнанбай!» деп айғайласып қоя береді, оның екі көзі қанталап одан сайын құтырып кетеді. Осы сәтте Құнанбайдың сауытының өндіршегінің түймесі ағытылып, одан мойыны мен иығының тұсы ағараңдап қалады. Бұл сәтті қалт жібермеген Қазыбек шеберлікпен найзаны сол тұстан салып жіберіп, тірей баса тартқанда Құнанбай сауыты сөгіліп, омырауын қан жауып жерге құлайды. Айғайшы­лар дауысы мүлде жым болады. Ішінен мосқалдау шоқша сақалды шал «ой бауырымдап» келіп Құ­нан­байдың үстіне құлап, оның ба­сын кескізбей жатып алады. Қа­­зыбек батыр өзімен шамалас ақ­­сақалды да ажалға қия алмай:

– Өміріңді олжа еттім, жын­дың­­ды тый! – деп найзасын көлде­нең­дей ұстап, атын жорғалата қу­ғын­шылардан ұзай беріпті.

Кейін бұл жекпе-жек шайқас ту­ралы Сара Біржанмен айтысында:

«Қапа мен Байқараның қосы қон­са,

Жетпеген қалың тоғай құрығына.

Қазыбек Құнанбайды найзалаған

Төре түгіл төлеңгіт жорығында», – деп жырына қосқан. Ал бұл шай­қас туралы М.Әуезов толық шы­ғар­малар жинағындағы 15 том­ның 237 бетінде: «Өзім де білмей қал­дым, қабырғамнан біреу найзамен салып кетіпті. Жығылып қалып­пын, сөйтсем Барақ төренің тө­леңгіті Қарақалпақ Қазыбек деген батыр екен… үйге қайтып бір айдай жатып әрең оңалдым депті Құнанбай» деген пікір келтіреді.

Үш қабырғасы сынып, әбден мер­тіккен Құнанбай жарасына күй­дірілген киіз басып, жарасы әрең бітеді. Содан бір жылға таяу атқа мініп барымталау жорық­та­рынан тыйылады. Бірақ Құнанбай кеудесіндегі кекті ешқашан ұмыт­пайды. Бір жылдан кейін көкек айында жүз қаралы жігітті жанына ертіп Барақ төре мен Қазыбек батыр ауылын шабуға аттанады. Олардың бұл аттаныстарынан Ба­рақ төре хабардар болады да, Қа­зыбекке: «Қол жина, Қоңыр­шәулі биігі теріскейіндегі терең сай­да қарсы ал» деп тапсырма бе­реді. Қазыбек батыр тума-тоқпақ елі­н­ен жүз шақты жігіттерді сайлап Қоңыршәулінің екі жағында аңдып жатады.

Қызылжал тауында жатқан жыл­қыға тимек боп келе жатқан Құ­нанбай тобы сол сайда қоршауға түсіп, сойыл мен найзадан көп адам соққыға жығылады. Құнан­бай сол шайқаста бетпе-бет Қазы­бек­пен қайта кездесіп қалып, оң­бай таяқ жейді. Жүзін қан жауып өлермендене шайқасады, әйтсе де жігіттер оны ұстап, қол-аяғын матап кісендеп тұтқын­дайды. Бұл туралы да М.Әуезов толық шы­ғармалар жинағының 15 томның 246 бетінде: «Құнан­байдың жас кезінде тума-тоқпақ деген елден Көтібақ жылқы алып, соның арты шабынды болып Тобықтыдан ту­ма-тоқпақ барымта әкетеді. Соны қуа барған қол­дың ішінде Құнан­бай да болып, үлкен ұрыста тұт­қын­ға түсіп қалады. Бұл сапарда Құ­нанбай көп бөгелсе керек. Өйт­кені, үйде қалған жақындары көп тілеу тілегендіктен: «Әкесінің мой­нына салған бұршағы, шеше­сінің басына киген күндігі биттеп кеткенде зорға келіпті» дейді.

Ал шын мәнінде тұтқынға түс­кен Құнанбайдың қол-аяғына кі­сен салып, қозы баққызып қой­ған көрінеді. Өйткені, Сартерек деген ауылдың Қазыбек батыр қыс­тауы тұсында Құнанбайдың қо­зы көші деген үлкен сай бар. Сон­дағы жота басында Құнанбай үйген обалар әлі күнге дейін тұр­ған көрінеді.

Құнанбайды әкесі Өскенбай іздеп келіп, құранға қолын тигізіп «енді найманға тимеймін» деп ант бергіздіріп, әмбе Сергиополь әс­ке­ри бекінісіндегі орыс әскери бас­шыларына пара беріп босаттырып алған деген әңгіме бар.

Міне, шынжыр балақ, шұбар төс атақты Құнанбай осылай 19-20 жас кезінде екі рет ажалдан қалып, қалың найманға тиісемін деп жү­ріп, тәубасына түскен екен дейді. Содан кейін қайтып барымтамен Ая­көз жаққа барымталауды қойып­ты.

 

С.БАЙҚАДИҰЛЫ, қаламгер,

ҚР мәдениет қайраткері.

Семей.

________________________________________________________________________

*(Н.Мыңжан «Қазақтың қыс­қа­ша тарихы» 330 бет).

 

Мақалаға сілтеме: http://qazaqadebieti.kz/6598/nanbajdy-barymtashyldy-y-alaj-tyjyl-an

 

 

 

Предыдущая страницаБауырымыз Əзімбай дүниеге келген немересіне батыр бабамыздың есімін берді

Оставить комментарий

Имя(обязательно)

URL