
Бала дұниеге келгенде əр саналы отбасы оған жарасымды есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең тараған заманауи есімді қойса, бірі ұлы тұлғалардың есімін қояды. Ырымдап ат қою-қазақтың қанына сіңген дəстүрі. Ырым-халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып, халықтың сенімі мен ақ ниетінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы. Ырымдап ат қою-жақсы дəстүр. Баламның аты затына сай болсын деп не бір атақты қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін беретіндерде бар. Осы адам есімін зерттеуші ғалымдардың дəлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай əсер етеді, сəбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сəйкес көркемделе түскен. Оны жазуымның себебі; Бүгін бауырымыз Əзімбай дүниеге келген немересіне батыр бабамыздың есімін беріп ағайын мен туған- туысқа дəстүр бойынша дастархан жайып той жасауда. Бердіқожа батырдың есімін қойып, батыр есімін ұрпақтың аузына салып отыр. Ендеше, дүние есігін ашқан нəресте бабасы сияқты атақты тұлға болсын, бауы берік болсын!