Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

«Айқын» газеті: «Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?»

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: «Батыр, защитник, дипломат»

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Открытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

КіріспеГлавнаяMain

Главная

1708-жылы сонау Ақсу-Сарқанттан көш Қаратауға келе жатты.Ел кісілері бұл көшті Төленің көші деп қабылдағанымен бұл көште жалайырлар,  шанышқылылар да бар еді.Көшпен бірге келе жатқан Жылкелді Жалайырдың кісісі болғанымен,ол Төлеге бөтен емес еді, оның 3-қызы   Ұланбикенің күйеуі еді. Ұланбике жаңа босанған екен. Оның құндағында   келешекте дүйім қазаққа танымал болатын Ескелді би келе жатты.Осы көште  Арық атты аңшының дүниеге жаңа келген нәрестесі де бар еді.Ол да   келешекте дүйім қазаққа танымал болатын шанышқылы Бердіқожа батыр еді.Осы көште екі бойжеткен қыз да көшке сырғалары сылдырап сән беріп келе жатты.Оның бірі Есенбике Төлебиге тума Қаратай батырдың қызы болса,екінші қыз Арық аңшыға ағайын, шанышқылы руының қызы-Бөктік  еді. Шежіреші Қазыбек бек Тауасарұлы осы көшті Төленің көші-деп атапты. Ол «Хижра жыл санауының 1086-тышқан жылы қалмақтар қазаққа да, қарақалпаққа да шабуыл жасады.Міне Төлебидің Ұлы билікке  араласуы осы кезден басталады.Төленің ауылы бұл шақта Ақсу-Сарқант арасында екен.Содан сонау Қаратауға барған»-дейді.(Қазыбек бек Тауасарұлы.Түп тұқияннан.,Алматы 1993ж.,291-бет.)Осы көштің Қаратаудың қайсы қонысына барғанынан автор мәлімет бермейді.Бірақ осы тарихи көштің   тоқтаған жері Түркістанға жақын жердегі Шорнақ қыстағынан ұзақ емес  жердегі Сіргелі ауылы еді.Бұл жерде Сіргелінің тобыттан тарайтын Есентай,  Бөгентай әулеттері тұратын.Осы 20-30 түтін түтетіп отырған шағын ауылдан   қалмақ соғысы тұсында дүйім қазаққа белгілі Тоғанас батыр,Есіркеп батыр,  Қаратілеуке (Тілеулі) батырлар шыққаны белгілі.Сіргелі ауылына келген соң  көп ұзамай Есенбике де, Бөктік те тұрмысқа шығады.Келер жылы Есенбике Олжабайды, Бөктік Қосжетерді дүниеге келтіреді.Олжабай да өсе келе дүйім  қазаққа белгілі Олжабай батыр аталады. (Осы Олжабай    академик Марғұланның арғы атасы екені белгілі.-Е.Б.)

1713-жылы осы маңнан онша алыс емес жердегі Қарнақ қыстағында Абылай дүниеге келген еді.Өсе келе    Әбілмансұр (хан Абылай) Төлебидің   өкіл ұлына айналған сол бір тұста  Төлебидің жиені Ескелдіні  аға тұтып,  онымен сыйлас қатынаста болған.Сол сияқты ол Шанышқылы Бердіқожамен де,Қаратайдың жиені Олжабаймен де достық қатынаста болғаны белгілі.Бала кездегі осы достық қатынастар үрдіске айналып, өмірлерінің соңына дейін сыйласып өткен. «Ескелдідей ер өткен» деген   мақалада  С.Мұхамедов, пен О.Смайылұлы  «Абылай Ескелдіні үнемі пір тұтқан,Төлебиден кем көрген жоқ» дейді.(Егемен Қазақстан.3-қазан,1992-ж.)Ал,Ә.Марғұлан «Олжекең Сарыарқаны Абылаймен бірге басқарған»-дейді.(Еңбекпен өткен өмір.,Жұлдыз.№1.1986ж. Ал енді Мәшһүр Жүсіп Бердіқожаны «Батыры Абылайдың Бердіқожа»-деп дастан етіп жырлағаны ол да рас. Енді бақсақ хан Абылайдың ең сенімді серіктері осы үш батыр болған екен.Өсе келе олар Абылайға әрі кеңесші,әрі сүйеніш болыпты.

Ендігі әңгіме Бердіқожа батыр туралы болмақ.1723-жылы қалмақ ханы  (қонтайшы) Севан Рабтан ( 1698-жылы Қалмақ тағына отырған) қазақ жеріне кіргенде Шуда отырған ауыр қолмен Шу өзенін  басып Төле би Қазығұртқа көшеді.Ол жөнінен Қазыбек бек Тауасарұлы «1101-жылы (1723) Төле Қазығұртқа барды да, қайта Жетісуға келмеді»-дейді.(291-бет).Сол Төле би енді 1724-жылы көктемде Түркістан құлаған соң сонау Ақ-Су,Сарқаннан 1708-жылы Шорнақтағы Сіргелі-Тобыт  ауылына келіп отырған тумасы Қаратай батырдың ауылын Сыр бойындағы   «Алқакөлге» көшіреді.Осы көшпен болашақ Олжабай батыр да,Бердіқожа    батыр  да,Ескелді батыр да бірге келеді.Сонымен бірге осы көшпен Қаратай батыр да,арғынның сүйіндік руынан болып келетін Айдабол әулеттері де келеді.(Осы көштен алдын Олжабай батыр нағашысы Қаратайдың үйінде болыпты).Деректерде осы көштің көшбасшылары жаныс Төлеби және шымыр Қойкелді батыр болғаны айтылады.

Көштің келген жері шөлдегі Әлімтау таудың батысындағы «Мырзашөл»   деген жер екен. Кейін олар Сыр бойындағы Байтоғай делінген жерге тұрақтайды.(Бұл жер қазіргі Арыс ауданы Қожатоғай ауыл округіне қарасты жер-Е.Б.)Ал Төлеби қызы Ұланбикені  Байтоғайға орналастырған соң,ол өзі Ташкент түбіндегі  Қарақамыс деген жерге қосын тігеді. Бұл жер   сол тұста Ташкенттен 12 шақырым жерде екен.(Қазір бұл жерде Таш.мед.   унив.орналасқан-Е.Б.)Ал елдің «Алқакөл сұлама» деген көлі осы  Мырзашөлден қозы көш жерде.Ал Алқакөл мен Ташкент аралығы 90 шақырым жер екені белгілі.Қалмақтар Қаратаудан босқын келген елдің жолай Алқакөлге тоқтағанын аңламаса керек.Оларды Ташкентке жеткізбей жойып жіберуге әрекет жасайды.Содан да болар қалмақтар мен қазақтардың соғысы Ташкентке онша ұзақ емес жердегі Сырдария бойындағы Шыназ деген жерде (Келес құйғаны маңында) өтеді.Осы соғысқа Алқакөл маңында отырған ат жалын тартып мінген еркек кіндік   Шыназ соғысына тегіс қатынасады.Осы соғысқа Олжабай да,Ескелді де,   Бердіқожа да бірінші рет қатынасады.Біз жоғарыда Шыназ түбіндегі қалмаққа қарсы соғысты  ұйымдастырушы Төле би,қазақтардың жасақ    қолбасшысы Қойкелді батыр болыпты деп айтқанбыз.Соғыста қалмақтар қазақ жасағын бір жола құрта алмайды,ал қазақтар да соғыс үстінде жанын салып айқасса да қалмақтың жойқын шабуылын тоқтата алмайды.  Соғыс үстінде қалмақтардың саны да,қару жарағы да қазақ жасағынан әлдеқайда басым болыпты.Қалмақтардың  жойқын шабуылынан қазақтардың бір жола қырылып кетуінен сақтанған Төлеби күн батқан соң қазақ жасағын Сырдың тоғай жағына шегіндіреді,ал қалмақтар шегінген жасақтың ізіне түспей Ташкент асып кете береді.(1728-жылы қалмақ қонтайшысы (хан) Сыбан Рабдан өледі де, енді оның тағына ұлы Қалдан  Серен отырады.)Уақыт өте осы қолды мыңбасы сіргелі Қара Тілеуке басқарып Олжабай Бердіқожа,Ескелді 1728-жылы Бұлантыдағы,1730-жылғы Аңырақайдағы қазақ-қалмақ соғыстарында шыңдалады.Дегенмен,  қазақтар үшін шешуші соғыс әлі алда еді.Бұл соғыс қалмақтардың екінші рет Сыр бойына шапқыншылығы болатын.Осы соғыста қалмақтар Сыр бойындағы Алқакөл, Байтоғайға да соғып, осындағы қамсыз отырған елді   қырып кетеді.Сырдың шығыс бетінде отырған босқын ел сал жасап,  қайықпен Сырдарияның батысына өтуге әрекет жасайды.Бірақ көп адам Сыр өзенінен өту барысында суға батып өледі. Менің 6-атамның ағасы Бөрінің тоқалы Сырдан өткен соң ұл бала көреді. Оның атын ел кісілері Сыркешкен қояды.Осы бір соғыс туралы «Егемен Қазақстан» газеті: «Жоңғарлардың екінші соққысынан соғыстың барлық ауыр салмағы Оңтүстік қазақтарына түскен еді.Қалың жаумен шайқаста Оңтүстік қазақтарының қырғын тапқаны соншалық, әр он адамның жетеуі қаза тапты»-деп,одан әрі «Төлебидің Түркістандағы Тәуке хан моласын құшақтап жылауы да сол жолы»-депті.(Е.Қ.,21-қараша,1992-ж.Қойкелді мақаласы.)

Осы соғыс туралы М.Мағауин «Қазақ тарихы әліппесі» толғауында:  «Абылайдың жиырма жасы 1733- жылға сәйкес келсе,дәл сол 1733-жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде  атап көрсетілген,кемеліне келіп,күші тасып тұрған қалмақтың қалың қолы ауыр жеңіліске ұшырайды.Аз ғана бөлігі азып-тозып,Жоңғарияға әрең жетеді.Абылай ерлігі танылған,Абылай жол ашқан даңқ та осы екені күмансыз». «Абылай жекпе-жекке шығып,қалмақтың бас батыры қонтажы Қалдан Сереннің жақын туысы Шарышты өлтіреді»-дейді.(Жұлдыз журналы.№12.1993-ж.) Осы соғыста шанышқылы Бердіқожа батыр Абылай ханға серік болады.Енді біз Мәшһүр Жүсіптің дастанына сөз берейік:
«Зорлығы Қалдан Шерен шектен асты,
Қырғындап қазақ елін асып тасты.
«Бұл қалмаққа бір тыю салайын»-деп,
Абылай хан батырлармен ақылдасты.
Сол уақытта батырлары Абылайдың
Уақ Баян батыр жауға айдын,
Балтакерей,Тұрсынбай,Бердіқожа
Көкжарлы көкжал Барақ-бәрі дайын
Келгенін Абылайдың Қалдан білді
Ой ойлап соғысам деп-неше түрлі
Аттанып Абылайдың батырлары
Екі жақ есебі жоқ қырылады»-дейді.

Осы соғыста Олжабай да,Ескелді де қалмақтармен жан беріп,жан алысқаны деректерде айтылады.Осы соғыстан кейін қалмақтар үлкен соғысқа шықпай Ұлы жүз елінен алым-салық жинап отыруды қанағат еткен көрінеді.Ол жөнінен Жақып Мырзахметов: «Ұлы жүз жерінен Жолбарыс хан,тағы басқа қазақ феодалдары арқылы алым-салық жинап,  оның көбін жоңғар қонтайшыларының қазынасына алып отырды.Жоңғар  қонтайшысы мұны қанағат қылмай Орта жүз бен Кіші жүзге бағыттаған шапқыншылығын үдеде түсті.Қалдан Сереннің 1740-жылы Орта жүзге ашқан соғысының басталуы Абылай ханның жоңғар әскері жағынан қапыда тұтқындалғаны осы кезде болса керек»-дейді.(Ж.М.,Тарих қойнауынан.,Алматы. 2004ж.,177-бет.)

Осы шапқыншылықтарды тоқтату үшін қазақ батырлары тегіс Сарыарқаға кетеді.Соның бірі Бердіқожа батыр екен.Олжабай да,Ескелді   батыр да осы ұрыстарда Абылай ханмен бірге болады.Осы соғыс туралы  Ә.Марғұлан: «Олжекеңнің (Олжабай) қалмақты шапқан жері-Баянауыл. Ол жер бүгінге дейін «Қалмақ қырылған тау»-деп аталады.Қалдан Серен Абылай мен Өтеген батырды аң аулап жүргенде ұстап әкету үшін далаға  он мыңдаған әскер шығарып Қарқара мен Баянауыл тауларын басып алып, Жасыбай көлі түбінде Олжекеңнің атақты ері Жасыбайды өлтіреді»-дейді.   (Жұлдыз.№ 1986ж.169-б.)Бұл соғыс 1739-жылы басталған еді.Қалдан Сереннің түпкі мақсаты Арқа қазақтарына өзінің билігін орнатып,оларды   алым-салыққа отырғызу болатын.Осы соғыста қалмақ әскер бастығы Септенің қолында 30 мың сары Мәнжінің қалың қолы,Лама-Доржының  30   мың қолы бар еді.Қазақтар Есіл,Тобыл өзендері бойына  ығысады.Бірақ  қалмақтардың қазақты жойып жіберуге күші жетпейді.Соғыс Ырғыз,Елек   өзені бойына шейін барды.Қазақтар да  қалмақты жойып тастай алмай,бұл соғыс одан әрі 1741-1742 жылға ұласады.Осы бір теке тіресте Абылай хан  қалмақ шапқыншылары қолына түседі.Ол туралы М.Мағауин: «Арпалыса соғысқан шағын жасақ түгелге жуық қырғын тауып,сұлтанның өзі тұтқынға алынды»-дейді.(Жұлдыз.№12.1993ж.135-б.)Абылай қолына түскен соң қалмақтар да жорықтарын тоқтатады.Қазақ жасақтары да үйді-үйіне  тарайды.Осы тұста Бердіқожа батыр да  Алқакөлдегі (Байтоғайдағы) үйіне келеді.Бірақ, батыр осы соғыста ауыр жарақат алған болатын.Ол да деректерде сақталған.Абылай қалмақ қолына түскен соң 90 кісіден құралған елшілік Қалдан Сереннің ордасына келеді.Қонтайшы осы елшілікті күтсе керек.Оларды қошеметпен қарсы алады да,Абылайды тұтқыннан босатады. Ол жөнінде Қазыбек Тауасарұлы:Доңыз жылы көктемде Абылайды тұтқыннан босатты»-дейді.(Қазыбек бек Тауасарұлы.Түп Тұқияннан өзіме шейін.1993ж.Алматы.309б.)Осы тұста қалмақ та,қазақ та титықтап шаршаған еді.Екі жаққа да бітім керек еді.  Абылай хан тұтқыннан босаған соң қалмақ хандығы мен қалмақ жағы бітімгершілікке қол қойды.Екі ел де біріне бірі шапқыншылық жасамайтын болды.Осы келісімді қалмақтар 9 жыл сақтап тұрған екен.Бұл кезде шанышқылы Бердіқожа Алқакөл маңындағы Байтоғай қыстағында ем-дом қабылдап жатқан еді.Ол осындағы өзіне тума шанышқылыларды өзі бас болып Жетісу жеріне көшіріп алып кетеді.

Осы уақыт ішінде қазақтың жеріне қасқырдай шапқан Қалдан Серен 1745-жылы дүние салып,енді қонтайшылық таққа оның екінші ұлы Сыбан Доржы отырады.Кешікпей Сыбан Доржыны өзінің ағасы Лама Доржы өлтіреді.Лама Доржы араға уақыт салып,1752-жылы қазақ даласында қашып жүрген өзінің тумалары Дабашы мен Әмірсананы ұстап беруді Абылай ханнан талап етеді. Абылай хан қонтайшы Лама Доржының бұл талабын орындамайды.Енді Лама Доржы 1752-жылдың қырқұйегінде өзінің «әскер басшылары Сайын-белек,Байтур Убашының алдына 20 мың әскер салып беріп,қазақ даласына соғысқа аттандырады.Мұны есіткен Абылай да әскер жиып,қалмаққа қарай аттанады.Осы соғыста қалмақтар   қазақтан жеңіледі.Осы жеңісінен кейін Абылай хан Лама Доржыға  елші жіберіп,бейбіт бітімге келуін сұранады.Бірақ қаны төбесіне көтерілген  Лама Доржы қазақ елшілерін қапасқа қамап тастайды.Осы тұста Абылай  Дабашы мен Әмірсананың алдына шағын әскер салып беріп,Жоңғарияға аттандырады.Кешікпей Дабашы мен Әмірсана қонтайшының ордасына   ойламаған жерден кіріп барып,Лама Доржының басын шабады. Бұл  іс    1753- жылдың 12-қаңтарында болады.Таққа енді Дабашы  отырады.               Қазақтар Дабашы таққа отырған соң тыныстап қалады.Таққа қолы жетпеген Әмірсана енді тумасы Дабашының соңына түседі.Майданда жеңіліске ұшыраған Әмірсана енді Қытайға қашады.Қытай патшалығы  Әмірсананы заңды орнына қоямыз деп, 1755-жылы жазда Жоңғар жеріне баса көктеп кіреді.Соғыс үстінде Дабашы қытайлықтардың қолына түседі.  Енді Қытай патшалығы Әмірсананы Пекинге шақырады.Қытайлар үшін енді  Әмісана ешкім де емес еді.Қытайдың Жоңғарияға шапқыншылығынан кейін бүкіл қалмақ Қытайға қарсы ұлт азаттық көтеріліске шығады. Көтеріліс басшысы Әмірсана болады.Осы тұста қытай әскерлері үлкен-кішісіне,жынысына қарамай 1 млн. қалмақты атып тастады.Осы қырғыннан кейін 1757-жылы қытай мен қазақ әскерлерінің бір-екі шайқасы болғаны рас.Нәтижеде Цин императорларымен қазақ хандығы  арасында достық қатынас орнайды.Қытай патшалығы (Хун Ли) бір жарлығында: «Бұл қазақтар бұрын өз алдына ел болып отырған екен.Біз  оны мойындауға тиіспіз»-деп жарлық шығарады.Қазіргі қазақ-қытай шекарасы сол тұста мойындалған іс еді.Енді біз Бұхар жырауға сөз берейік:
«Әмірсана,Дабашы,
Жер жарғанда дабысы,
Өздері арсыз болды да
Сәтсіз болды шабысы
Өздері ала болды да,
Кетті ауыздағысы»-депті.
Біз де енді қалмақ соғыстарын осымен аяқтағанды жөн көрдік.

1771-жылы ерте көктемде Еділ мен Жайық аралығында отырған қалмақтар 40 мың әскерін алға салып,Сарыарқаны баса көктеп Жоңғар тауына аттанады.Олардың сондағылары осы ата қоныстың иесі енді бізбіз  деуге саяды.Еділ қалмақтарына қарсы жорықтың басында Абылай тұрады. Осы жолы Ұлы жүз қолын шанышқылы Бердіқожа батыр басқарады.Бұл    жорық тарихта «Шаңды жорық» аталады.Ежелгі жарғы бойынша көшкен ел отырықшы елге жер иесіне малын айдап,шаң шығарғаны үшін салық  өтеміне алым-салық төлеуге тиісті екен.Осы ережені қалмақтар бұзыпты.  Қазақтар содан атқа қоныпты.Қалмақтар көп қырылады.Мал-мүлкі қазақ жасақтары қолына түседі.Кейінірек 10 мың қалмақ қазаққа алым-салық төлеп,одан Қытай асып кетеді.Олардың әулеттері кейінірек көп қытайға сіңбе болып кетеді.

1771-жылы Түркістанда үш жүздің игі жақсылары,кешегі ел қорғаған   батырлары хан сайлауында Абылайды хан сайлайды.Осы сайлауда шанышқылы тайпасы атынан бір шарды Бердіқожа батыр салады.  Абылай   хан тағына отырған соң,ол енді қалмақ соғысы кезінде Қазақ жеріне келіп  қоныстанып алған туысқан қырғыздарды өзінің ата қоныстарына ығыстырады.Олар осы тұста Жетісуға,Қазығұрт маңына келіп қоныстанып алған еді.Бұл соғыс  1765-жылдары,1770-жылдары,1779-жылдары кешенді іске асырылады.Бұл істі түпкілікті шешуді Абылай хан шанышқылы  Бердіқожаға жүктейді.Бұл игі іске қазақ батырлары тегіс жұмылдырылады.Осы соғыста Қабанбай қолы,Абылайдың жанында жүрген батырлары Байғазы,Баян,Оразымбет,сіргелі Елшібек батыр ерекше  көзге түседі.Бұл жөнінен Қазыбек бек: «Шанышқылы Бердіқожа қырғызға ойран салды»-деп жазды.(Қ.Б.Түп тұқияннан өзіме шейін.384-б.) Алатаудан түсіп қазақ жеріне қоныстанған қырғыздар енді түпкілікті ата  қоныстарына қөшіріледі.

Қазіргі қазақ-қырғыз шекарасын Бердіқожа батыр бекіткен белдеу содан   бері өзгермей бізге жетіп отыр.Қытай-қазақ шекарасы да Абылай,  Бердіқожа салған белдіктен көп өзгеріске ұшыраған жоқ. Деректерде батырдың соңғы қоныстарының бірі Аякөз маңында,одан кейін Шыңғыстау  аймағында болыпты.Біз жоғарыда Бердіқожа батырдың ағайын,тумалары да өзімен бірге көшіп жүрген дедік. Ат үстінде жүріп ол 77 жасында 1786-жылы қаңтар айында дүние салады.Сүйегі Дағынделі  өзені бойына қойылады.(Қарағанды обл.Қарқаралы ауданы.Темірші ауыл  округі.)Кейін ел кісілері сол жерге сағана тұрғызады.Бердіқожа батырдың артында төрт ұлы қалады.Бердіқожа өлген соң батыр ауылы бұл жерлерден көшіп кетеді.Бердіқожа танушы ғалымдардың зерттеуінше   Бердіқожа батыр өз өмірінде 100-ге жуық ірілі-ұсақты соғыстарға қатысыпты.Жекпе-жектерде қарсыласына алдырмайды екен.Бойы сұңғақ болыпты,алып күштің иесі  де болыпты.Қазақ-қалмақ соғысының бас батырының бірі саналған шанышқылы Бердіқожа батырдың ерлігін,елге сіңірген еңбегін енді біз қаншама дәріптесек те аздық ете қоймас.   Бердіқожа батыр дәріптеуге лайықты кісі болғаны рас.Бердіқожа батырдың кім болғанын насихаттау,оның мәртебесін көтеру ендігі жерде   сіз бен біздің ісіміз болмақ.

 

Еркебай Бүрлібайұлы.
ҚР-на еңбегі сіңген қызметкер, тарихшы.

Предыдущая страницаҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті Следующая страницаЖурналист Оңғар Исаевтың "Батыр баба – Бердіқожа" атты мақаласы

Оставить комментарий

Имя(обязательно)

URL