Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

«Айқын» газеті: «Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?»

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: «Батыр, защитник, дипломат»

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Открытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

КіріспеГлавнаяMain

Главная

Азаттығымызбен бірге батыр бабаларымыздың әруағы  да келіп,   еліміз рухани байып жатыр.Тарихымыз түгелденіп,етек-жеңіміз жиналып,бұрынғы ұлы ел екендігімізді біліп,таңқалудамыз.Келес тарихына үңілгенде Төлебиден кейінгі Ұлы жүздің сөз бастары болған,Абылай хан ол  келмей  жатып сөз бастамаған  Бердіқожа  батыр  жерлесіміз деп мақтанып жүрген едік.Көптеген зерттеушілер шанышқылы Бердіқожа батыр Шыршық пен Келес төңірегінде дүниеге келген деп әлемге жар салып  жүргенде,тарихшы,шежіреші,жазушы,Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер,оңтүстіктің ортасында (Қожатоғайда) 40 жыл мектеп директоры болып қызмет еткен,қазір жасы 80-ді алқымдап отырған Еркебай Бүрлібайұлы  Бердіқожа батырдың туылған жерін сонау Жетісудағы Ақсу-Сарқант аймағына апарып қойды. Дәлел ретінде,  Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп- тұқияннан өзіме шейін» шежірелік кітабындағы 291-беттегі жазбаларды  көрсетіпті.

Өлкеміздегі көзі тірі қарт тарихшыға жасаған өтінішіміз, «Келес даласына жақын жердегі Алқакөлдің қай жерде болғанын айтып бере аласыз ба?» болған еді.Әңгіме арасында Шанышқылы шежіресін де шешіп бере алатынын  айтып қалған.Нәтижесінде шежіре емес, шанышқылының Бердіқожа батыры  туралы  деректі мақаланы  жазып берді. Ол  осы журналда  «Шанышқылының Бердіқожа батыры» деген тақырыппен беріліп отыр. Алқакөл туралы да айтқан.

Тарихшы Еркебай Бүрлібайұлының Бердіқожа батырды Жетісуда туылған дегені мені сендіре алған жоқ.Сілтемеде көрсетілген жерде  Төле бидің  Шуға,  одан соң  Қазығұртқа  көшкені жазылған. Бірақ, ол көшпен  бірге  Арық атты аңшы  мен оның  болашақта  батыр болатын  Бердіқожа есімді нәрестесі де келе жатқаны туралы мәліметті  қанша іздесем  де  таба алмадым.Сол себепті, «Бердіқожа батыр  Келес даласында туылған», деген сенімімде  қала беремін.Бұрынғы зерттеушілер осылай тұжырым жасаған.

Тарихшы  Еркебай Бүрлібай атамыз жазғанындай, Бердіқожа есімді батыр бабамыз  Ұлы жүз бен орта жүз  жерлерінде болған ірілі-ұсақты  жүзден аса соғыстарға қатысыпты.Қалмақ пен  қырғыз басып алған жерлерімізді қайтарып алуға  Абылай ханның бас батырларының бірі ретінде еңбегі сіңіпті.Түркістан маңындағы Сіргелі,Шорнақ,Қарнақ ауылдарында  болашақ Олжабай,Ескелді батыр-билермен және Әбілмансұрмен  (Абылай ханмен) балалық шақтары бірге өткенін білдік.Одан кейін балиғатқа жеткенше және соғыс  кезінде алып қалған ауыр жарақаты жазылғанша,  Әлімтау  тұсындағы  Сырдария жағасындағы Алқакөл  маңында екі рет болыпты.Келес құйғанына жақын маңдағы Шыназ елді мекенінде,ең алғаш рет  қалмақтармен болған соғысқа  қатысып, жас батыр  атаныпты.  Ташкент қаласын,Келес даласын,Талас,Шу өзендері аңғарларын,Жетісу өлкесін жаудан тазартуға өмірінің соңына дейін, яғный 77 жасқа жеткенге дейін жанын аямай соғысыпты.Батырлар армандайтын майдан үстінде  жауымен жағаласып жүріп,ажал құшыпты.           Бердіқожа батыр бабамыз туралы зерттеу мақалалар,поэма-жырлар,терме-өлеңдер,документті филмьдер бар екенін естеріңізге сала отырып,  бұл мақала тек Бүрлібайұлы Еркебай тарихшының  кейбір мәліметтеріне ғана қатысты екендігін айта кеткенді мақұл көрдім.

Осы мақалада «Әлімтау» таудың батысындағы «Мырзашөл» және сол шөлден қозы көш жердегі  «Алқакөл» деген сөз тіркестерін оқыдық.Осында  айтылған Мырзашөл мен Алқакөл Сыр бойымен жоғары көтерілгенде  Шыршық құйғанының аржағында, Бекабат қаласына жетпеген тұста да бар болған.19-ғасыр соңында сызылған «Карта голодной степи» картасында 2 Алқакөл анық көрсетілген.(Ақын  Мылтықбай  қайтарып ала  алмай жүрген Мырзашөл Сырдарияның күн батыс жағында.)Ал болыстық басқару кезіндегі бөліністерді зерттегенімізде,  Жаушықұм болысына қарасты үш ауылдың бірі ретінде «Алқакөл» ауылы документтерде жазылған.Ірілендіру реформасы кезінде,бұл ауылдар Байқабыл (кейін Келес аталған) болысына қосылған.Қазіргі күндері бұл Алқакөлдерді таппайсыз,себебі суы егістік  жерлерге  есепсіз көп пайдаланылған СССР  заманында,Сырдарияның суы тартылып, Қалғансырлар көбейіп,бұрынғы көлдер  (Алқакөлдер де)       жойылған.(Шардара су қоймасы салынғанда  Алқакөлдер түгілі  тарихы тереңде жатқан ескі  Ақтөбе қаласы да су түбінде қалғанын қазір көпшілігіміз білмейміз.) Сол себепті бір ғасырдай бұрынғы бар болған мекендерді  қағаз бетінен зорға тауып отырмыз.Тағы бір назар аударатын факті деп,автордың Алқакөл  мен Ташенттің арасын 90  шақырым деп жазуы.Бұл 90 шақырым Шыршық құйғанының маңындағы 2 Алқакөл  мен Ташкент арасындағы қашықтықты да көрсетіп тұрғандай…

Тарихшы атамыз жазғандай (басқа зерттеушілер де атап өткен)  Абылай хан 1765-жылдарғы,1770-жылдарғы, 1779-жылдарғы   жерімізді жаудан тазартудағы соғыстарды кешенді жүргізуді  және түпкілікті  шешуді шанышқылы Бердіқожаға тапсырыпты.Хан тапсырмасы ойдағыдай орындалған. Қазақ-қырғыз шекарасындағы  Бердіқожа бекіткен белдеу содан бері  өзгермей бізге жетіп отыр.   Қазақ-қытай шекарасы да  Абылай хан,Бердіқожа батыр салған белдіктен көп өзгере қойған жоқ.

Автор қорытынды сөзінде Қазақ-қалмақ соғыстарының бас батырының бірі болған шанышқылы Бердіқожа батырдың ерлігін,   елге сіңірген еңбегін қаншама дәріптесек те көптік ете қоймас депті.Шынында да еліміздің егемендігін мәңгілік елге айналдырамыз десек  руға, ұлтқа  (елімізді көп ұлтты деп жүр ғой) бөлінбей,Абылай хан және оны қолдаған батырларының ерлігін  үнемі еске түсіріп тұратын  өнер туындыларын,(атап айтқанда ескерткіштер,суреттер  салып,серялы кинолар түсіріп, кітаптар, пьесалар жазып) халыққа ұсынсақ, елге деген мақтаныш сезімді оятып,патриотизмді арттыра түсер еді. «Оның   (Бердіқожаның) есімі көшелерге, мектептерге,ауылдарға қойылды деген  жаңалықты әле естіген жоқпыз»-деген еді тарихшы атамыз мені шығарып салып тұрып.

Бұдан бұрынғы мақалаларымызда Ташкентке қауіп төндіріп келе жатқан Қоқан хандығының әскеріне қарсы қазақ қолын  Абылай хан өзі басқарып, Бердіқожа жанында болып,Пскент түбінде болған 1765-жылғы  шайқаста жауды тас-талқан етіп жеңгендігін айтып, осы жеңістің құрметіне,Сарыағаш шипажайы орналасқан жердің биік бір төбесінде  «Абылай хан мен Бердіқожа батырдың аттарын ойқастата  қырдан асып келе жатқан» үлкен ескерткіші салынса деген ойымызды айтып едік. (Абылай бастаған қалың қолдың Келес өзенінен өткен өткелі  осы шипажай тұсында болған).Жуырда Оңтүстік  қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловтың,    «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұқбатынан, Елбасының тапсырмасы бойынша Сарыағаш демалыс аймағын  халықаралық курорттар жүйесіне жеткізу жобасы іске асырылатынын білдік.Осы жобаның сметасына жоғарыда айтылған ескерткіш те қосылса екен деген арман пайда болғанын  несіне  жасырайын.

Сол сияқты,Қазақ тарихында ерекше орын алатын  «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» қырғынының құрбандарына арналған  ескерткіштің орны да көрініп тұр.Ол Келес даласы мен Мырзашөлді байланыстырып тұрған,бір кезде арғыбет-бергібет болып жолсыз,байланыссыз қалған қазақтың екі  аймағын қайта байланыстырған,Елбасы өзі  бастап, өзі ашқан «теңіз» үстіне салынған қазақтың тұңғыш  көпірі  орналасқан  тұста       «Сталинград құрбандарына арналған» ескерткіш сияқты кешен тұрғызсақ   деген  ұсыныс пайда болды.Қазақтың тарихшылары таппай жүрген « өзі шағын болғанмен ролі үлкен» Алқакөлдер  осы тұстың  солтүстігінде де, оңтүстігінде де  Сырдарияның  жағасында  болғанын білдіріп тұрар еді.

Оңғар   Исаев,
журналист.

Предыдущая страницаҚР еңбегі сіңген қызметкер, тарихшы Еркебай Бүрлібайұлының "Шанышқылы Бердіқожа батыр" атты мақаласы Следующая страницаЖурналист Оңғар Исаев: "Бердіқожа батыр атындағы деп айтатын не бар ауданымызда?"

Оставить комментарий

Имя(обязательно)

URL