
23 мамырда өтетін шараға қоғам қайраткерлері, тарихшы-ғалымдар, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері қатысады.
23 мамыр күні Шымкентте Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Шанышқылы Бердіқожа батыр: тың зерттеулер мен тұжырымдамалар» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Шараға батыр еңбектерімен тығыз байланысты көрнекті қоғам қайраткерлері, тарихшы-ғалымдар, сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері қатысады. Шанышқылы Бердіқожа батыр – бір атаның намысынан жалпы ұлттың, Отанның мүддесін жоғары қоя білген, сол жолда басын бәйгеге тіккен қолбасшылардың бірі. Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізген соғысында қолбасшылар арасында Бердіқожа батырдың айрықша аталады. Себебі, Бердіқожа ержүрек қолбасшы және қабілетті елші болған. Мәшһүр-Жүсіптің: «Шанышқылы Бердіқожа – Абылай заманындағы ең сенімді батырлардың бірі», деуі оның ханның һас батыры болғанын дәлелдейді. Бердіқожа батыр тек көзсіз батыр ғана емес, сонымен бірге Төле биден кейінгі үлкен саяси қайраткер, ұлы қолбасшы мәртебесінде құрметтелген. Абылай хан Бердіқожа батырсыз Хан кеңесін өткізбеген, жорыққа шықпаған.
Ссылка: