
Жобаның авторлары: Б.А. Қасымбеков, С. Оспанов
Cөзін жазған: Несіпбек Айтұлы
Орындаушы: Қазбек Нығметбекұлы Әдікей
1978жылы 19 желтоқсанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы (бұрынғы Егіндібұлақ) Абай ауылында дүниеге келген. 1995-1999 жылдары Карағанды қаласы Таттімбет атындағы Музыкалық училищесінде Қыл-қобыз аспабында Жанқас Жұмабековтен дәріс алған.
1999-2003 жылдары Алматы қаласы Құрманғазы атындағы ұлттық Консерваториясында халық әні мамандығы бойынша Бекболат Тілеуханнан оқыған.
2003-2008жылдары Алматы қаласы Тұран Университетінде Экономика мамандығы бойынша диплом алған.
1998ж- Алматыда өткен жас орындаушылар байқауынын жүлдегері.
1998 жлғы Халықаралық Шабыт фестивалінің дипломанты.
2005ж-Тараз қаласында өткен Кенен Әзірбаев атындағы ” Шырқа дауысым” атты байқаудың 1 орын иегері.
2003-2010 ж-ры Қазақконцерт бірлестігінде әншісі, 2011ж- Мәдениет арнасының музыкалық редакторы болып қызмет атқарған.
2010 ж- Аграрлық Университетте музыкалық жетекші болып қызмет атқарып келемін.
Сеул, Пекин, Амстердам, Париж, Дубай сияқты әлемнің көптеген қалаларында өнер көрсеткен.
Жұбайы Гүланда, Мансур және Ахмад деген екі ұлы бар.
Терме “Бердіқожа батыр”