

Қасымбеков Бақтыбай Әшімбекұлы – Ұйымдастыру комитетінің төрағасы
Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында 1958 жылдың 19-сәуірінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. 1980 жылы Ленсовет атындағы Ленинград технологиялық институтының Инженерлік-кибернетика факультетін, 1981 жылы Мәскеу мемлекеттік патент жүргізу және өнертапқыштық институтын «патент жүргізуші» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын (Шымкент қаласы) «құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымының докторы, профессор. Халықаралық...

“Егемен Қазақстан”, №211-214 25 шілде 2007 ж.:”Алаштың алдаспаны”. Қасымбеков Б.А.
Бала кезден ауыл қарияларының әңгімелерін тыңдап өстік. Ымырт үйіріле, кешқұрым ауыл маңындағы үлкен төбенің басына жиналатын шежіре-қарттар тарихтың тұңғиығынан сөз қозғап, батырлар жырларын айтатын, жатқа қиссалар оқитын. Бізді өткеннің таңғажайып тереңіне бастап, алып батырлар туралы әңгімелер айтатын. Ауыл балалары мұндайда ойынды ысырып тастап, қарттардың сөздеріне құлақ қоятын. Бір әңгімені аяқтап, екінші әңгіменің ұшын шығарған ақсақалдар...

“Шанышқылы Бердіқожа батыр” кітабы. Құрастырған: Б. Қасымбеков, Д. Қыдырәлі. – Астана: Фолиант, 2009. – 288 б.
Автор: Қасымбеков Бақтыбай Әшімбекұлы
Соңғы пікірлер