Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

Бердіқожа батыр бабамыз бертінде, азаттығымызға қол жеткізген соң ғана  табылған  батырымыз.Ия, табылған деген сөзге салмақ салмасақ  өткенімізді қазіргі ұрпаққа ұқтыру қиынға соғуы мүмкін. Отар болған еліміздің  халқын әсіресе,оқығандарын, қабілеттілерін  жоспарлы  түрде  (үш миллионын!) қырғынға ұшыратқан басқыншы елдің билеушілері,тарихы ерте замандарға барып тірелетін қазағымыздың  жас ұрпағын  мәңгүрт етіп  тәрбиеледі. «Кешегің болмаған,бақытың коммунизмде» деп,ойдан құрастырылған ғылыми коммунизм  теориясын миымызға зорлап тықпалады. Тарихымыздағы хандарымызды, батырларымызды, байларымызды  (кәсіпкерлерімізді дейік) халықты қанаушы ретінде насихаттады.Қазақ халқының елі,мемлекеті болмаған  деп,бізді  малына  өріс іздеп,  жайлаудан  жайлауға  көшіп  жүре берген,бейшара тобырға теңеп, еңсемізді езіп келді.

Құдайға шүкір,азаттығымызбен бірге  батыр бабаларымыздың әруағы да  қайта оралып, еліміз рухани байып жатыр.Тарихымыз түгелденіп,бұрынғы ұлы ел екендігімізді біліп,көкірегімізді мақтаныш сезімі кернеуде.Ұлан байтақ  Қазақ жерін  бүгінгі ұрпаққа  қалдырған әруақты батырларымыздың  қатарында,  әлем тарихында  орны бар  Келес даласының  тумасы  шанышқылы  Бердіқожа батыр  бар екендігін біліп,Қабанбай,Бөгенбай, Наурызбай,Райымбек  сынды батырлардың  елі-жұрты  мақтаныш ететіндей дәрежеге  біз де  жеткенімізге қуанудамыз. Тарихшылардың  анықтауынша,  шанышқылы  Бердіқожа батыр  Төле биден кейінгі Ұлы жүздің сөз бастары болған, ал  Абылай хан ол келмей жатып  кеңесін  бастамаған.

Ең алғашқы соғысқа қатысқан жері,Келес құйғаны маңындағы  Шыназ елді мекенінде қалмақ басқыншыларына қарсы  соғыс екен.Осында алғаш рет соғысқанына қарамай,ерлік көрсетіп,жас батыр атаныпты.Батыр бабамыз Ұлы жүз бен Орта жүз жерлерінде болған ірілі-ұсақты жүзден аса соғыстарға қатысыпты.Ташкентті басып алуды көксеп жүрген  Қоқан хандығының әскерін 1765-жылы Пскент түбінде  талқандаған  Абылай ханның оң жағында   жүріпті.Жер  қайыстырған  Қазақ  қолы осы сапарында  Келес өзенінен өткен өткел,  қазіргі Сарыағаш шипажайы тұсында. Шипажайдың көрнекті жерінде, «қос атқа мінген Абылай хан мен Бердіқожа батыр  аттарын  ойқастата  қырдан асып  келіп қалған»,еңселі  ескерткіші  тұрса қазағымыздың мерейін асырып тұрмас па еді!

Қалмақ пен қырғыз басып алған жерлерімізді  қайтарып алуда Абылай ханның бас батыры   болып,Ташкент қаласын,Келес даласын, Талас,Шу өзендері аңғарларын,Жетісу өлкесін  жаудан тазартуға  өмірінің соңына дейін  қатысыпты.Батырлар армандайтындай,атамекен азаттығы үшін жауымен алысып жүріп,жау қолынан  78  жасында  қаза тауыпты.Мәңгілікке сүйегі қалған жер  Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында.Ұмытылып бара жатқан  батырымыздың  әруағын  тәуелсіз Қазақстан кезінде алғаш атаған  Мұхтар  Мағауин.Одан кейінгі деп Қабдеш Жұмаділовты білеміз.Ақын Несіппек Айтов  поэма арнады.Ұшеуі де  мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары.

Бердіқожа батыр бабамыз  туралы  басқа да зерттеу мақалалар,поэма-жырлар, терме- өлеңдер,документті фильмдер, суреттер,бюст  ескерткіштер (әле еш жерге қойылмаған)  бар. Шанышқылы Бердіқожа батырдың  қорын құрып,Қазақ  елінің,жерінің біртұтас болуы жолында  қасық қаны қалғанша  алысқан бахадұрымызды елге танытуда,ыждақаттылықпен  жұмыс жасап жатқан  академик  Бақтыбай  Қасымбековтің еңбегі  орасан екенін әрқайсысымыз  білуіміз  керек.

Бірақ сол дүниелермен танысып,  оқып немесе көріп,естіп жатқан жас ұрпақ бар ма?Оларды отанын,елін,жерін,ұлтын жақсы көруге  тәрбиелейтін  батырымыздың өмірін өнеге етіп,мәдени-көпшілік  шаралар  өткізіп  жүрміз  ба!  Атын атап, түсін түстеп  батырлығын паш еткен  лайықты  дәріптеулер ұйымдастырылды  ма? Батырымыздың атымен  аталған  елді мекен немесе мектеп бар ма? Ауылдық округтің атын қойсақ  болмас па еді! Сонда  Батыр бабамыздың есімі ел аузында көп айтылар еді.

Еліміздің  азаттыққа қол жеткізгеніне биыл 25 жыл  (ширек ғасыр! ) толады. Осы  мерейлі дата  еліміз бойынша  мемлекеттік дәрежеде  тойланады. Той ішіп-жеумен емес,егемендігімізді айшықтаумен,нықтай түсумен есте қалуға тиіс.Ол  үшін  елеусіз,ұғынықсыз атаулардан арылып,Бердіқожа батыр сияқты  тұлғаларымыздың атын елді мекендерге, мектептерге, ауылдық округтерге қоюымыз қажет.

Ұсыныс дейсіз ба,ол бар. Алдымен  осыдан ширек ғасыр бұрынғыны еске түсірейік.Лайықты  қазақ  болмағандай,Чапаев атындағы совхоз,оның ішінде Чапаев атындағы бөлімше,Чапаев атындағы мектеп  болды.Тағы да айта түссек,  осының бәрі Чапаев атындағы селолық советке қарады. Қазір осы аумақ  «Біртілек» ауылдық  округі деп  аталады.Атын өзгерткен болдық. Осы сөздің қолданыс аясын байқамақ болып, Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме  сөздігінен  іздеп көрдік. Жоқ. Яғный  ондай сөзді бірде бір жазушы қолданбаған.Ауызша да қолдануға келе бермейді, сенбесеңіз «Біртілекті»  сөйлем  арасында айтып көріңіз,сіздің де көзіңіз жетеді.Көп  пайдаланылмайтын  осы сөздің орнына  «Бердіқожа батыр» десек,ұтарымыз  көп болмақ. Ойланайық, ағайын!

Өмірі   өнеге    еді.

2007-жылы бұрынғы Димитров атындағы бөлімше орналасқан елді мекенді  «Оразата  ауылы» деп атауды  аудандық,облыстық  кеңестер  мақұлдады.Осы шешімдер Әділет министрлігінің  жергілікті бөлімшесінде әле күнге дейін тіркелмей,заңды күшіне кірмей келеді.Себебі түсініксіз.Ал, Ораз Бижігітов—Ораз ата осы бөлімшедегі  №3  мақта бригадасының  Ленин орденді  бригадирі еді.Жыл сайын  шитті мақта өндіру жоспарын асыра  орындайтын.Мен  осы ауылда  өстім.Ораз атаның  күнді күн демей, түнді түн демей,қалай жұмыс істегенін көрдім. Мақта терімі қызған кезде  күн сайын 22 тележка мақта тапсырғанын да  білемін.Ол деген сөз күн сайын 44 тонна мақта өткізді деген сөз. Осылайша  ауданда алғашқылардың бірі болып, жоспарын орындайтын. Соған лайық жұмысшылары да мол табысты болатын.

Ол атамыз екінші дүние жүзілік соғысқа да қатысқан.Немістердің тұтқынына да түскен.Сол себепті  Сталин  түрмесінде де отырған.Жұбайының сол түрмеге іздеп барғанын ел жыр ғып айтатын еді.Немістің де,орыстың да тұтқыны болып,одан  аман келіп,елге ерен қызмет етіп ордендермен, медалдармен марапатталғаны,ауылда бірінші болып, өткен ғасырдың  алпысыншы жылдары  «Москвич» автомашинасын  аудандық атқару комитетінің  шешімімен  алғаны  еңбектегі  ерліктің арқасында еді.

Біреулер «Ораз ата немісте тұтқында  болған» деп кіналап жатады.Оған кім кінәлі?Ақтағым кеп тұрған жоқ,бірақ өз еркімен берілмегені анық.Совет басшылығының басты кінәлі екендігі анық.Бресттегі қырғынды еске алыңыз…немесе  совет үкіметінің  өзінің солдаттарына  екеуара бір мылтық бергенін біліңіз.Сөйте тұра тұтқынға түскеннің  бәрін сатқынға жатқызды, жазалады.Осындай саясаттың арқасында  қаншама қандастарымыз отанға қайтпай қалды.Ал, Ораз атамыз  бәрін мойынмен көтеріп,екі жақтағы азаптың бәрін жеңіп,мақта өндірісінде елімізде үлгілі мақташы болды.Бес-алты ұл-қыз өсірді.Немере-шөберелерінің өзі қазір  жүзге жуықтады. Егерде,неміс  тұтқынына түскеннен  кейін, Сталин азабын көргенше деп,өзін өзі өлімге қиса немесе сол арғы бетте қалып қойса,қазаққа осынша  перзентті кім сыйлар еді.Қазіргі,бейбіт күнде  үйленіп үй бола алмай,қазаққа өсім жасай алмай немесе екі қолға бір  жұмыс таппай  жүрген  азаматтарымызға,  ол атамыздың ерлікке толы өмірі  сабақ болса  екен дегің келеді.Он жыл бойы тіркеуден өткіздірмей жүрген  «күштердің» ақыры  жеңетінін  мойындаған   кейбір  белсенділер  ауылдың атын  «Әжіке»  қояйық деп, «көрегендік» танытып жүр екен. Бұл   үлкен  ауылда  әжіке  руынан басқа да ағайындар    тұратынын ескерсек,бұл ұсыныстың жөнсіз екені көрініп тұр.Бұл  ауылға  Ораз атаның аты қораш көрінсе,онда  өзі басқарған №3 мақта бригадасының  жұмысшылары  мекен етіп келе жатқан,қазір «Керегетас»  деп аталған шағын  ауылдың  атын  ауыстырып қояйық.Қазір Керегетас деген  жер  Өзбекстан шекарасының аржағында қалған .

Ешан Баба аталсын.

Тағы бір белсендіміз  Ораз атаның  аты тіркеуден өтпейтін болса, бабасы  Серназар  көшіріп келген,өзінің  ешандық қызметімен  оңтүстік қазақстанға  танымал болған,әулие-Ет жемес ешан атаның атымен атайық  бұл  ауылды   деген ұсыныс айтыпты. Бұл  ұсыныс жөнге келеді.1833-1913 жылдар арасында өмір сүрген,оның  соңғы  жарты ғасырға жуығын  осы  ауылда өткізіп,елді ұйымдастырып арықтар қаздырып,бау-бақша өсіріп, соның арқасында осы ауыл бүкіл Ташкент аймағына «Ешан бау» атымен танымал болғаны елдің есінен шыққан жоқ.Бұл күндері «Ешан арық» елге су беруде.Алғаш негізін салған мазар жүз жылдан бері,дүниеден өткен ата-бабаларымызға мәңгілік мекен болып тұр.Осы мазар жанынан қаздырған  қылуетінен  зиярат етушілердің аяғы үзілген емес. «Ешан бау»  мешіті намазхан жамағатқа қызмет етіп тұр.Кезінде  Келес өзеніне Ешан ата  бас болып салдырған көпір орны белгілі.

Ет жемес ешан атаның емшілігі,көріпкелділігі  және  осы  әулие  атамызды уәсила етіп  Алладан сұрағанда,  жарылқаулардың  болып тұратыны туралы халық аузындағы әңгімелерде шек жоқ екенін  баса айтқанымыз жөн.Ниетіне қарай әрекетінің нәтижесінде Алланың  шапағат-нұрына бөленген әулие атамыздың  есімі—Баба,әкесінәң аты –Шадман.Аса  қуатты әулиелігіне байланысты атын тіке атаудан қорыққандықтан (мүмкін қатты сыйлағандықтан),ет жемейтіндігіне байланысты халық  әулие атаны «Ет жемес ешан ата» деп атап кеткен.Шын аты ұмытылған.Егерде  құзырлы орындар әулиеміздің атын  бір кезде өзі еліне қызмет еткен ауылға қоюды мақұл көрсе, «Ет жемес ешан ата» деп шұбатпай, «Ешан Баба» деп атаса орынды болатын сияқты.Кезінде атын тіке айтудан қорыққан халық, басқыншы  билеушілердің ықпалымен естен шыға жаздаған, әулиеміздің атын  өз атымен атағаны  дұрыс.Бұл әулиені сыйламағандық емес,азан айтып қойылған атына арнап құран бағыштағанда да  дұрыс сияқты,анығын бір Алла біледі. Әулие атамыздың елге көрсеткен қызметінен ерекше атап өтер тұстары деп,1872-жылы Ташентте,1892- жылы  Қызылорда (Перовск) мен Шымкент  аймағында  тараған оба ауруының бетін қайтарған емшілік  қасиетін атауға болады.

Асқан  әулиелігі болмаса,орыс патшасының  ең сенімді досы,бүкіл Түркістан өлкесін  уысында ұстап отырған,билік жүргізу құқығына байланысты жарты патша атанған,  генерал-губернатор  К.П.Кауфманды  намазға жығар ма еді! Сол  жарты патша  қазіргі Абай кентіндегі  «Ешан Баба» мешітінің орнында, бір мезгілде 3000 адам намаз оқи алатын, 6 күмбезді мешіт салдырған.Әр апта  сайын  сол мешітке  Ташкенттен  келіп,жұма намазын  Ешан Бабаның арқасында  тұрын оқыған.Осындай құдіретке ие болған әулиеге  ауылымыздың атын қойғысы келмей жүрген жандар  да бар көрінеді. Олар  кешегі орыс билігі кезінде  тәрбиеленген  атейстердің ұрпағы болар.

Ұлыларымызды ұлықтай білейік, ағайын! Батырларымыздың,әулиелеріміздің,еңбек ерлерінің  әруақтары риза болсын. «Өлі риза болмай,тірі байымайды» деген бабаларымыздан  қалған сөз бар.

 

Оңғар  Исаев,
журналист.

Алдыңғы бетЖурналист Оңғар Исаевтың "Батыр баба – Бердіқожа" атты мақаласы Келесі бетБауырымыз Əзімбай дүниеге келген немересіне батыр бабамыздың есімін берді

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL