Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығын дәстүрге сай атап өту туралы бастамасы еліміздің барлық азаматтарына үлкен жауапкершілік жүктегені анық.
Қазақ тарихының өткен жолдарына қарасақ, ел мен жұрттың ортақ ұранына айналған батырларымыз білектің күші, найзаның ұшымен Қазақ мемлекеттігінің құрылып, қалыптасуына, оның іргесі бөлінбей, аумағы тарылмай, шекарасы бұзылмай тұтас қалпында бүгінге жетуіне үлес қосқан.
Жеке басынан жалпақ жұрттың намысын артық көрген, сол жолда басын бәйгеге тіккен қолбасшылардың бірі – Шанышқылы Бердіқожа батыр (1708-1786 жж.).
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізген «Отан соғысында» қолбасшылар арасында Бердіқожа батырдың айрықша аталуының терең мәні бар. Тарихи мәліметтерге сүйенсек Бердіқожаның ержүрек қолбасшы және қабілетті елші болғанын аңғарамыз.
Шежіреші Мәшһүр-Жүсіптің: «Шанышқылы Бердіқожа – Абылай заманындағы ең сенімді батырлардың бірі» деген сөзі оның ханның хас батыры болғанын дәлелдесе керек. Сонымен қатар, ол көзсіз батыр ғана болмаған. Бердіқожа батыр Төле биден кейінгі үлкен саяси қайраткер, даңқты қолбасшы мәртебесінде құрметтелген. Абылай хан Бердіқожа батырсыз Хан кеңесін өткізбеген, жорыққа да шықпаған деген деректер де бар.
Бүгінгі таңда, батыр жайында бізге 180-ге жуық ғылыми дерек көздері белгілі. Сондай-ақ, Бердіқожа батырдың өшпес ерліктері мен өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі етіп, оларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда: «Шанышқылы Бердіқожа батыр» атты кітап жарық көрді; ақын Н. Айтұлының «Бердіқожа батыр» поэмасы жарияланып, оның аудио нұсқасы дайындалды; Батырдың бейнесін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді; Қайта жерлеу рәсімі өткізілді; Батыр кесенесі бой көтерді; арнайы веб-сайт (www.berdeke.kz ) пен қоғамдық қор ашылды; Деректі фильмдер түсіріліп, күй шығарылды.

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ресми ашылу салтанаты 2-3 маусым күндері Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Іс-шараға батыр еңбектерімен тығыз байланысты көрнекті қоғам қайраткерлері, белгілі тарихшы ғалымдар, зиялы қауым өкілдерінің қатысады.

2 маусым күні Қарағанды қаласындағы Достық үйінде (Шахтерлер даңғылы 64) сағат 14:00-де «Алаштың алдаспаны» атты алқалы жиын өтеді.

3-маусым күні сағат 10:30-да Қарқаралы ауданы, Темірші ауылының іргесіндегі Батырлар алқабында Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ресми ашылуы болады.

Байланыс телефоны: Шолпан Иманқұлова, 87015150110

Алдыңғы бет"Этнографиялық шолу" баспасы, №2, 2015 ж: Бердіқожа батыр кесенесін зерттеу: археология, антропология, генетика. Келесі бетКазахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL