Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

Күні кеше, Астана қаласындағы «Бердіқожа батыр қоғамдық қоры» ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен елімізге танымал сәулет өнерінің өкілдері Батыр кесенесіне арнайы сапармен барып қайтты. Мұнда көзделген басты мақсат – алдағы екі ай ішінде Дағанделі өзенінің бойында жатқан Бердіқожа батыр бейітінің басына кесенені тұрғызу жайын талқылау мен оны бастау әрекетін ақылдасу болып еді.

Айта кетейік, мұндағы басты назарымыз Батыр зиратына күмбезді кесене орнатып, оны тұрғызу міндетін мойнына алған, Қазақстанға кеңінен танымал сәулетші – Сәдуақас Ағытаев пен заман ағымын зерделей отырып, сан ғасырлық дәуірлерге тиесілі құрылыс нысандарының пішінін асқан дәлдікпен керемет етіп салып жүрген құрылысшы – Қазбек Байжановтың Шанышқылы Бердіқожа батыр қабірінің басына арнайы келуі десек те болады.

Тапсырыс беруші мен оны орындаушы тараптардың байтақ Қазақстанның ірі қалалары Астана мен  Алматыдан шығып, арнайы батыр бейітін бетке алуының сыры – жергілікті жұртшылық ішінде кеңінен танылған Бердіқожа тамының тұрған жері мен оның жай-күйін, орналасу жағдайын көзбен көріп, тұрғызылатын кесенеге қажетті материалдық-техникалық мәселелерді оңтайлы шешудің жолдарын қарастыру еді. Ұйымдастыру комитетінің жоспарды нақты құрып, оны тиянақты іске асыруының нәтижесінде сапар өте сәтті болды.

Екі бағыттан шыққан мүдделес жандар жексенбі таңында Қарқаралыдан 200 шақырым қашықтықта орналасқан оңтүстік-шығыс өңірде орналасқан Темірші ауылында тоқайласты. Аталған ауылдың іргесі деп айтылғанымен иен даладағы Батыр бабамыздың бейітіне дейін қырық шақырымдай жолсыз жерді, яғни «ас пісірім» уақыттай жүріп өтуге тура келді. Ат терлетіп алыстан келген Ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен құрылыс жұмысын жүргізетін азаматтарды енді жергілікті тұрғындар атынан жол бастаған ел ағасы Қайрат Мұхтарұлы  ертіп жүрді. Діттеген жерге жетіп, Құран бағыштаған соң негізгі әңгімені бүгінде еліміздегі өте терең білімді санаулы сәулетшінің бір болып келетін Сәдуақас Ағытаевтың өзі былай өрбітті.

- Жалпы, бізге Бердіқожа батыр бабамыздың басына кесене көтеру жайлы ұсыныс айтылған кезде, қолымызға өте көптеген материалдар ұсынылды. Оның үстіне бабамыз ғұмыр сүрген дәірге қатысты білген, түйгендеріміз де аз емес болатын. Осының бәрін жинақтай келе, мен Баба зиратының басына келмей тұрып-ақ, кесененің негізгі композияциясы мен оның алыстан көзге ілінер сұлбасы сынды сан түрлі қырларын алдын ала ой елегінен өткізіп, ұшқыр қиялмен ұштап келгенімдегідей сәйкестеніп шыға келді. Ендігі жерде қамтамасыз етілу мен ұйымдастыру ісі мінсіз болса, біз өз қызметімізге кепілдік бере сөйлеуге еш қысылмаймыз. Негізінен, Бердіқожа батыр бабамыздың зираты орналасқан жердің көкжиекпен ұштасқан айналасындағы ат шаптырым аумақтың Батырлар алаңы деп атануы да тегін емес, сондықтан да біз тұрғызылатын кесене композиясының өзін ел аузындағы аңыз бен жергілікті жердің климаттық ерекшеліктеріне және Абылай хан заманындағы құрылыс нысандарының стилінде салуды көздеп отырмыз, – деді сәулетші.

  Ағытаев Сәдуақастың сөзінен ұққанымыз, қабірді бойлай аққан Дағанделі өзені мен төбенің түбіндегі құдықтың суына қарап, тал-дарақтар отырғызуды жөн санамаған себебін сұрап едік.

- Егер байқасаңыздар, бұл маңай Батырлар алаңы деп бекер аталмаған ғой. Айналадағы әр төбеде бір қабір десек те болады. Ал оның ешбірінің басынан өсіп тұрған ағашты кезіктірмейсіз. Сондықтан да бұл мәселеге сол заманның негізгі ерекшіліктерінің бір қыры деп қарап, құп көрмедік. Сонымен қатар, кесене пішіні мен оның биіктігінің 16 метрлік өлшем бірлікпен алынуы да бекер емес. Оның өзінің өзіне ғана тән арифметикалық қасиеті мен филосфиялық мәні  терең болып табылады, – дейді ол.

 Қоңыр қыран

P.S (редакциядан): Бүгінгі күнге дейін құла түздегі тарихи орын болып табылатын Батырлар алаңына бір емес, бірнеше рет жолымыз түскен. Әсіресе, Бердіқожа батырдың қабірін іздеу мен табу, қазып зерттеу мен сүйекті қайта жерлеу сынды рәсімдерді осы кезге дейін ел-жұрт болып зор абыроймен атқарып келеміз. Үнемі айтылып жүретін зеңгір көкте самғай ұшып қарсы алып, біз бейіттен ұзап кеткенше шығарып салатын алып қыран құс бұл жолы да бой көсертті. Қабір басындағы алқалы кеңес кезінде арамыздағы азаматтар әлгі қыран құсты көзбен іздеп, алаң-елең болғандар да, тіпті, дауыстап «Құс қайда екен?» деп сұрағандар да болды. Оған осындай шапағаты мол игі істің басында бірнеше жылдан бері жүрген батырдың ұрпағы Бақтыбай Әшімбекұлы байыппен ғана: «Құс осында жүр. Қазір көресіздер» – деп үн қатқан болатын.

Айтса айтқандай-ақ, біз негізгі шаруамызды орындап, Теміршіге қарай кері қайтар жолымыздағы баба бейітінің оңтүстік-батысындағы жал-жал сілемдерді жағалай келе жатып, бір төбенің басында жападан-жалғыз кеудесін керек созып қасқая қомданған қыран құсты көзіміз шалды. Көлік тізгініндегі Бақтыбай ағамыз темір тұлпарды кілт тоқтатып: «Әне, біздің бабамыздың киесіндей болған қыран құсымыз» деп жота жақты меңзеді. Расымен де қыран қомданып саяқ отыр екен. Көліктен түсер-түспестен суретке тартып қалуға тырысып, шыртылдатып жаттым…

Бұл кезде баба піріндей боп кеткен қоңыр қыранымыз қанатын құлаштай сермеп көксеңгірге көтеріле бастаған екен. Кей азаматтардың алғаш барған сапарының өзінде қайтар жолда ғана бой көрсеткен қоңыр қыранға ықыласпен бір сүйсіне қарап тұрғанымда, суретке дұрыстап та түсіре алмадым-ау деген ой қылай бере бастады қиялымызда. Десек те, бұл біздің баба бейітіне жасаған соңғы сапарымыз емес екенін, келесі келгенімізде сәтті түсірудің мүмкіндігі болатындығына сенім артып, ескі сүрлеуге түстік…

Батыр кесенесі. 31.05.2015ж.

[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_21-1.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_20.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_2.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_20-2.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_20-3.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_18-1.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_18.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_19.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_0-2.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_17.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_16.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_12.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_13.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_15.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_14.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_11.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_1.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_10.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_0-1.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_21.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_22.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_23.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_24.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_25.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_26.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_27.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_28.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_29.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_3.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_4.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_5.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_6.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_7.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_8.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_9.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_img_4044.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/d0b1d0b0d182d18bd180-d0bad0b5d181d0b5d0bdd0b5d181d196-31-05-2015d0b6/thumbs/thumbs_img_4045.jpg]
Алдыңғы бетШымкентте Бердіқожа батырға арналған конференция өтті Келесі бетБілім және мәдениет. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ: ШАНЫШҚЫЛЫ БЕРДІҚОЖА БАТЫР

1 отзыв

  1. Қадір:

    1 Маусым 2015

    Жауап беру

    Бәрекелде! Бұл өзі сәтті сапар, керемет саяхат болған екен!

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL