Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

2015 жылғы 23 мамыр күні Шымкент қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Шанышқылы Бердіқожа батыр: тың зерттеулер мен тұжырымдамалар» атты  ғылыми-практикалық конференция өтті.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақ хандығының 550 жылдығын дәстүрге сай атап өту туралы бастамасына орайластырылып ұйымдастырылған шараға қазақ қоғамындағы зиялы қауым өкілдері мен Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билік өкілдері, қоғам белсенділері мен қалың бұқараның құрмет-қошеметіне бөленген дүлдүл ақын, жыршылар және оқу-ағарту ісінде ұстаздық етіп жүрген тарихшылар қатысты.

Жиынға жетекшілік еткен Халықаралық Түркі академиясының президенті, Тарих ғылымдарының докторы, профессор Дархан Қыдырәлі алдымен батыр Бердіқожаның заманы жайлы аз-кем сөз ете келіп, негізгі басымдықты ұлтымыздың рухани байлығының қайнар көзі болып табылатын халық ауыз әдебиетіндегі көне жырлармен ұштастырды.

- Бердіқожа батыры арысы – 300, берісі – 250-280 жылдың шамасында, Абылай хан заманында ғұмыр кешкенімен, ол Қазақтың эпикалық жыр, дастандарының басты кейіпкеріне айналып үлгерген тұлға. Күні бүгінге дейін жеткен осы жырларымызды өз мақамымен тыңдасаң, Бердіқожаның өмір сүрген кезеңі тарихтың қатпар-қатпар беттеріндегі тұңғиыққа тартып, тура бір есте жоқ ерте замандарда туып-өскендей әсер қалдырады. Яғни, үш ғасыр бұрын біздің байтақ жерімізді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап өткен бабамыздың өмірге келуінің өзі, ұлтымыздың аңыз-әфсаналарында анық баяндалып, шебер суреттеледі. Ал батырды жазу, сызусыз-ақ, ұлттық деңгейге көтеріп, елдің мақтанышына айналдыратын көне эпикалық жыр-дастандарымызды халықтың өзі елеп, екшеп сүзгіден өткізіп, саф алтынға айналдыратыны сөзсіз. Мұндай «сүзгіні» қасиетіңнен айналайын қалың бұқарамыздан өзге ешкім де, қазақтан өзге ешбір ұлт та жасай алмайды. Сондықтан да, бүгінгі басқосуымыздың басты кейіпкері –  Бердіқожа бабамызға арналған конференциямыздың беташары ретінде батыр жайлы дастанның ел ішіне кең тараған нұсқасын бір тыңдап алғанымыз жөн болар, – деп қатысушылар назарына Батырлар жырының арасында кездесетін «Бердіқожа батыр» жырына кезек берді.

Содан кейінгі кезекті бүгінде Бердіқожа батыр жайлы жазылған тұтас поэманың авторы, Астана қаласы С.Сейфуллин атындағы мұражайдың директоры, ақын, «Алтын тамыр» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері және Жазушылар одағына қарасты Астана филиалының төрағасы– Несіпбек Айтұлы алып, өзінің төл туындысының жазылу барысы туралы баяндап, поэманың кейбір иірімдерінен үзінділер оқи отырып ой өрбітті.

Кез-келген өнер туындысының шарықтау шегі болатыны сияқты, ежелгі Шаш қаласының іргесінде туып, Жетісу мен Сырдың жағасын, Алтай мен Каспий арасын түстігімен теріскейін түгелдей қамтып, жаудан қорғап өткен батыр бабамыз жайлы тың зерттеулер мен тұжырымдамалар жайлы негізгі сөзді – Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ұлттық инженерлік академияның академигі Бақтыбай Қасымбеков жалғастырды. Ол өз баяндамасында батыр туралы жалпы мәлімет пен тың деректерді келтіре отырып, оның жерленген жері мен қазба жұмыстарын жүргізу турасында, батырдың келбетін қайта қалпына келтіру жұмыстары мен қайта жерлеу рәсімі жайында, кесенесінің және ескерткіш жобаларының іске асырылған және асырылуы тиіс шаралар жайында егжей-тегжейлі айтып өтті.

Содан кейін сөз ғасыр ауысқан шақтармен тұспа-тұс келген кезеңдерде бастау алған зерттеу жұмыстарының бір белесінің түйіні әрі осы кештің қорытындысы ретінде сөз кезегі Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының профессоры, археолог, тарихшы ғалым Зейнолла Самашевқа берілді. Ол өз кезегінде Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі ешбір батырдың Бердіқожа батырдай бүге-шігесіне дейін әрі заманауи технологиялардың көмегімен озық үлгіде зерттелмегенін тілге тиек етіп:

- Біз енді өмірімізді осы тарих ғылымына арнап, зерттеу ісімен ұзақ жылдардан бері айналысып келеміз ғой. Осыншама жылдық еңбек өтілімде баба мұрасын осыншама ұқыпты әрі мұқият зерттеген Бақтыбай Әшімбекұлы бастаған жұмыс тобының атқарған шаруасындай игі істі кезіктірмедім. Рас, мұндай зерттеулер болмады емес, болды. Тек, Кеңес кезеңінде болғанымен оның өзі белгілі бір себептермен өзге мүдделерге бағытталғаны жасырын емес. Сондықтан да бүгінге дейін жүзеге асырылған жоспарлар  Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды және терең зерттеу деп бағалауға лайық дүние, – деді ол.

Осылайша, бас-аяғы екі сағат шамасына созылған жиын соңына қарай, қатысушылар мен қонақтар арасында еркін пікір алмасу жүргізіліп, Бердіқожа батыр туралы сан сауалдарға жауап берілді. Сонымен қатар, батыр бабамызды өз елі мен жеріне кеңінен таныстыруда бүгінге дейін жасалған жұмыстар алғашқы кезеңі ғана екені айтылды.

Shymkent_conference_23-05-2015

[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3759.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3786.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3790.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3758.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3755.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3746.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3720.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3710.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3714.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3707.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3706.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3705.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3682.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3674.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3669.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3667.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3631.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3630.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3629.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3623.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3654.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3665.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3616.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3609.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3613.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3606.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3605.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3602.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3600.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3596.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3593.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3747.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3749.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3702.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3701.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3691.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3649.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3645.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3635.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3619.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3617.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3597.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3591.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3590.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3587.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3584.jpg]
[img src=http://berdeke.kz/wp-content/flagallery/shymkent_conference_23-05-2015/thumbs/thumbs_img_3586.jpg]
Алдыңғы бет"Бердіқожа батыр" поэмасының және басқа да медиа ақпараттың дискілері жарыққа шықты Келесі бетКесене құрылысын қолға алар күнді кеңесіп қайтты

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL