Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ: С.Сейфуллин атындағы музейде «Шанышқылы Бердіқожа батыр: тың зерттеулер мен тұжырымдамалар» атты ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияның басты мақсаты – жеке бастың қамынан жалпақ жұрттың, атаның намысынан жалпы ұлттың, байтақ Отанның мүддесін жоғары қоя білген батыр – Шанышқылы Бердіқожаның ерлігін ұлықтау болатын. Конференцияға батыр еңбектерімен тығыз байланысты көрнекті қоғам қайраткерлері мен тарихшы ғалымдар, сондай – ақ, зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтсақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Оразкүл Асанғазықызы, Сейіт Қасқабасов, Серік Негимов, Бақтыбай Қасымбеков, Несіпбек Айтұлы, Зиябек Ермұханұлы, Ербол Тілешов, Мақсат Алпысбес, Жақсылық Сәбитов, Өрісбек Чоманұлы, Бақыт Еженханұлы,  Дихан Қамзабекұлы т.б.

Конференция жұмысын  С.Сейфуллин мұражайының директоры, ақын Н.Айтұлы жүргізіп отырды, ол  Бердіқожа батырдың тарих беттеріндегі тың дүниелерді ғалымдар назарына ұсынды. Әйгілі Мәшһүр Жүсіп: «Абылай заманындағы ең атақты, сенімді батырлардың бірі болған», деп сипаттаған Бердіқожа – жоңғарларға қарсы Ұлы жүздің қолын бастаған батырлардың бірі. Дерек көздері «Абылай хан Бердіқожа батырсыз кеңес өткізбеген, жорыққа да шықпаған», деп жазады. Оны ірі саяси қайраткер, даңқты қолбасшы, шебер мәмілегер ретінде есептеген. Ержүрек қолбасшы, батыр Бердіқожа әйгілі Қабанбай батырмен қанаттаса жүріп, Ұлытау өңіріндегі  Бұланты, Білеуті және Сарысу бойындағы Итішпес, Алакөл, Алтайдағы Ұлансу, Мамырсу, Шар, Шорға шайқастарында Ұлы жүз жасақтарын басқарған. Оның ерлік істері жыр-дастандарға арқау болып, «Бердіқожа батыр» деген поэма бүгінге жеткен.

Одан кейін сөз алған техника ғылымдарының докторы, профессор Бақтыбай Қасымбеков Бердіқожа батыр жайында бүгінгі таңда бізге 180 ге жуық ғылыми дерек көздері белгілі екенін атап өтті. Әрине, осы уақытқа дейін батырдың ерліктері мен өмір жолын келешек ұрпаққа үлгі етіп, оларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында біраз жұмыстар атқарылғанын айтты.

Бердіқожа батырдың зираты бірнеше жер карталары арқылы анықталған. Тіпті, сол кездегі Ресейдің Орта Азия туралы әскери картасында да анық көрсетіліпті. Бұл мағлұматтармен қатар, зираттың ғарыштан түсірілген нұсқасы да көпшілікке ұсынылды. Бұл күнде Бердіқожа батырдың жерленген жері, қазба жұмыстары, батырдың келбетін қайта қалпына келтіру, қайта жерлеу рәсімі өткізілді, сондай ақ, батыр кесенесінің  жобасы дайындалғанын айтып өтті. Іс шараға қатысқан Сейіт Қасқабасов, Серік Негимов, Мақсат Алпысбес сынды бірқатар ғалымдар батыр турасындағы ойларымен бөлісті.  Жинақталған еңбектердің көптігі мен деректердің нақтылығына көңілі толған ғалымдар өз ризашылықтарын білдірді.

Қазақтың әр батырына осындай зерттеу жұмыстарын жүргізу керек екенін айтқан академик Сейіт Қасқабасов әңгімені әріден қозғап, Бердіқожа батырды зерттеп жүрген ғалымдардың еңбегін лайықты бағалады.

Алдыңғы бетКазах.ру форумында Шанышқылы Бердіқожа батыр ұрпақтарымен байланысу Келесі бет«Бердіқожа батыр» Қоғамдық қоры

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL