Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында 1958 жылдың 19-сәуірінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1980 жылы Ленсовет атындағы Ленинград технологиялық институтының Инженерлік-кибернетика факультетін, 1981 жылы Мәскеу мемлекеттік патент жүргізу және өнертапқыштық институтын «патент жүргізуші» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын (Шымкент қаласы) «құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген.

Техника ғылымының докторы, профессор.

Халықаралық инженерлік академияның академигі (Мәскеу қаласы), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.

«Калий» (Мәскеу қаласы, 2000 ж.), «Химия бойынша есептік міндеттер алгоритмі» (Шымкент қаласы, 2001 ж.), «Фракциялық кристалдану» (Мәскеу қаласы, 2002 ж.), «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» (Астана қаласы, 2004 ж.), «Шанышқылы Бердіқожа батыр» (Астана қаласы, 2009 ж.) кітаптарының, 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың, 20-дан астам патенттелген өнертабыстың авторы.

       «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 ж. бастап).

  •  1981-1985 ж. – КСРО Ғылым академиясы Н.С. Курнаков атындағы Жалпы және бейорганикалық химия институтының (Мәскеу қаласы) аспиранты.
  •  1981-2000 ж. – Қазақ химия-технологиялық институты (Шымкент қаласы) «Химиялық өндіріс машиналары мен аппараттары» кафедрасының оқытушысы, ғылыми қызметкері.
  •  2000-2002 ж. – Химиялық технология және өнеркәсіптік экология ғылыми-зерттеу институты ғылым жөніндегі директорының орынбасары.
  •  2002-2004  ж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары.
  •  2004-2006 ж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті бастығының орынбасары.
  •  2006-2007 ж. – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аппарат басшысы.
  •  2007-2010 ж. – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы.
  •  2010-2011 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі.
  •  2011-2012 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы.
  •  мамыр-тамыз 2012 ж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ вице-президенті.
  • қараша 2012 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында халықаралық байланыстарды нығайтқаны және дамытқаны үшін Андропов атындағы орденмен марапатталған (Мәскеу қ., 2005ж). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Елбасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Әуестігі – спорт, тарих ғылымын зерттеу, аңшылық, суретке түсіру.

Арнаулар



Асыл ағама арнау

Той десе ақын інің тосыла ма,
Айтатын тілегін ол жасыра ма?!
Бір белес ЕЛУ деген – ердің жасы
Туған күн құтты болсын АСЫ АҒА!

Ойласам бүгіні мен бұрнағысын,
Өзіңі бүйрегімнің бұрғаны шын.
Ғалымдай Фарабидің жұрнағысың,
Батырдай Бердіқожа ұрпағысың!

Жыйғасын қасиетті жүрегіңде,
Қабыл боп, оңғарылды тілегің де.
Мәскеуден қорғап келдің қаймықпастан,
Иықтас тұрып алдың Кремльге!

Батырдың батыр туған тұяғысың,
(Айқара құшақтарға сыямысың?!)
Нар тұлға, жаның нәзік – сезімге бай,
Жүректе күмбірлеттің күй ағысын…

Тең алып әкімдік пен хәкімдікті,
Жаныңа серік еттің ақындықты.
Екі елдің арасына көпір болған,
Ісіңді жат та ұқты, жақын да ұқты!

Арманың үмітіңе жалғасқанда,
Жұлдызың жарық болып жанды аспанда!
Кеңдігің – көкжиекпен астасқандай,
Ерлігің ұқсап кетер алдаспанға!

Қашанда желбіретіп намыс туын,
Әлемге әйгіледің Шанышқұлын.
Бабаның мұрасына шырақшы боп,
Тарихпен, тамырыңмен табысты үнің!

Тойыңа жырдан шашу арнайы келдім,
Елуде қанаты талмайды Ердің,
Отбасың аман болып АСЫЛ АҒА,
Қырандай көкке қарай самғай бергін!

Ініңіз Дархан



Бақтыбай елуге келгенде

Сен де елуге, Бақтыбай, келіп қапсың байқамай,
Елуінде жігітті шырмап алар ой талай.
Орта жолға жеткенде өткен ізді түгендеп,
Көңілдегі бола ма көк теңізді шайқамай?

Бірі болдың әкеден озып туған баланың,
Қаршадайдан қияға қанат қақты талабың.
Ойға-қырға жүгіріп, жаң-жағыңа үңіліп,
Халқың үшін, бауырым, ойылыпты табаның.

Тектілігің ішінде, тентектігің сыртыңда,
Адал туған ұлансың алты Алаштың жұртында.
Көп болса ғой қазақта сендей жігіт, шіркін-ай,
Кетпес едік кеше біз келімсектің ырқында.

Елесінен ерлердің үмітіңді үзбейсің,
Бердіқожа бабаңның басқан ізін іздейсің.
Жақсыларға құшағын гүл жайнаған даладай,
Жамандарды көргенде құлазыған түндейсің.

Біреулердей қазақты ала жіпке тізбейсің,
Алтын балық алам деп ылай суды сүзбейсің.
Ақ көңілің аңқылдап, ақ кемедей жарқылдап,
Толқынында тірліктің жүзге дейін жүзгейсің!

Сен елуге келгенде белбеуіңді бекемдеп,
Көп толғандым тойыңда не сыйласам екен деп.
Көңіл құсын ұшырдым қолда барды ұсындым,
Ақын байқұс ойламас әкімдерге жетем деп.

Бай емеспін ақшаға жанқалтасы шылқыған,
Сескенемін кейде мен мына заман сұрқынан.
Шаршамайтын жарыстан, өлмейтұғын ешқашан,
Мінгізейін бір тұлпар өлең деген жылқыдан.

Жырда туған жүйрікті жұрттың бәрі ұнатқан,
Құлап көрген ешкім жоқ сүрінбейтін бұл аттан!
Бердіқожа бабаңның ұстайтын қылышын,
Ел шетіне жау келсе, суырарсың қынаптан!

Несіпбек Айтұлы
19.04.2008 ж.
Астана



ҚҰРМЕТТІ БӘКЕ!

Ар мен рух алдында бас иетін,
Еркіндікті пір тұтатын қасиетің,
Абыройың, азамат, асқақтасын
Пейіліңмен астасып, ел сүйетін.

Өмір – дария, пәниде адам – қайық,
Талай жандар адасқан бағдар тайып.
Тұлға болар өзіңдей нар жігітке,
Болашақта бас болар қадам лайық!

Ойлап тапқан ғылымда асыл затың,
Ол да сәби шығарар ердің атын.
Асыл жарың Рита жаныңды ұғып,
Ер жігіт боп ер жетсін – Асылзатың!

Шын пейілмен достарың
ИМАШ пен РУБИК
19 сәуір, 2000 жыл.
Алматы қаласы.

 

Алдыңғы бетЕлікбаев Жәнібек Орынбасарұлы - Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Келесі бетКазах.ру форумында Шанышқылы Бердіқожа батыр ұрпақтарымен байланысу

отзывов (2)

  1. Denisbek:

    19 Қараша 2013

    Жауап беру

    korsaydin kazakwa jazilgan nuskasi jokba

  2. Denisbek:

    19 Қараша 2013

    Жауап беру

    osi kitaptin kazakwa jazilgani bar bolsa menin po4tama xabar berinizwe

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL