Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

Өрісбай Шоманов 1994 жылдан бері ҚР ҰҒА корр.мүшесі,

ҰҒА-ның іс жүзіндегі мүшесі, 2003 жылдан бері академик.

         Ө.Шоманов1948 ж. 2 ақпанда дүниеге келді. 1971 ж. Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады.

1971-79 жж. аралығында Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында оқытушы болып қызмет істеді.

1976-79 жж аралығында Мәскеу технологиялық ет және сүт өндірісі институтында аспирант. 1979 ж. «Тағам өнеркәсібі процесстері және аппаратттары» 05.18.12. мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

1980-85 жж. аралығында  Семей ет және сүт өндірісі институтында кафедра меңгерушісі қызметін атқарды . 1986-87 жж. аралығында  Мәскеу қолданбалы биотехнология институтында докторант. 1990 ж. «Ет,сүт және балық өнімдерінің технологиясы» 05.18.04. және «Тағам өнеркәсібі процесстері және аппараттары» 05.18.12. мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғады. 1991-94 жж. аралығында Семей ет және сүт өндірісі институтының проректоры қызметін атқарды. 1995-2001 жж. аралығында Қазақ тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтында директор лауазымында қызмет істеді. 2001-2002 жж. аралығында Алматы технологиялық университетінде кафедра меңгерушісі. 2003 ж. бастап қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми өндірістік орталығында директордың орынбасары қызметін атқарды.

Ө.Шомановтың ғылыми ізденушілігі тағам және ет өнеркәсібіндегі жаңа техникалар мен технологияларын зерттеуге бағытталған. Ол ТМД-да алғаш болып тағамдық өнімдер сапасының жаңа көрсеткіші – су активтілігін анықтаудың жаңа тәсілін құрастырып, теориялық негізін қалады. Дамыған елдерде су активтілігі көрсеткіші тағам, ет-сүт өнімдері, дәрілік препараттарды өндірудегі стандартқа енгізілген. Ол дуниеде бірінші болып су активтілігі көрсеткішінің физикалық мәнін теориялық негіздеп, осының негізінде дүние жүзінде аналогы жоқ  су активтілігін анықтайтын экспресс тәсілдер мен бірқатар жаңа құрал және құрылғыларды құрастырды. Дуниеде бірінші болып психрометрлік тәсілмен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайтын теңдеудегі психрометрлік коэффиценттің мәнін теориялық түрде анықтап,ауада да, өнімдерде де кездесетін судың энергетикалық  жағдайын сипаттайтын бірыңғай формуланы  анықтады, ол өз шәкірттерімен бірге сойыс малдарының қанынан, ет-сүйек сорпасынан және көк сүттен өндірілетін құрылымды ақуыз өнімдерін өндіру технологияларын және құрал-жабдық комплексін, сонымен қатар оларды шұжық және тағам өнімдерінде қолдану технологиясын құрастырды, өсімдік текті биологиялық активті қоспалар қолданылуымен ірімшік, сүтқышқылды өнімдер, қымыз бен шұбаттың жаңа түрлерін өндіруге арналған ферменттік препараттар жаңа түрлерінің технологиясын құрастырды. Ө.Шоманов мақала туріндегі және халықаралық, республикалық конференциялардағы баяндамаларға тезис түріндегі 250-ден астам  ғылыми жұмыс жариялаған, ғылыми жаңалықтарға 56 патент және авторлық куәліктердің иегері. Ө.Шоманов  тағам  және өңдеу өнеркәсібінде екі мамандық бойынша ғылыми мектептің негізін қалады: «Ет,сүт және балық өнімдерінің технологиясы» 05.18.04. және «Тағам өнеркәсібі процесстері және аппаратттары» 05.18.12. , оның жетекшілігімен 4 докторлық және 10 кандидаттық диссертация қорғалды. Чоманов У.Ч. жыл сайын ҚР ауылшаруашылық басқару орталығының, ет және сүт өндіріс және фермерлік және шаруа қожалық мамандарына «Үшқоңыр» АШК-да орналасқан білім беру орталығында ғылыми-практикалық семинарлар өткізеді. 1993 жылы көп жылдық педагогикалық еңбегі үшін «ҚР еңбек сіңірген педагогы» куәлік № 12590 төс белгімен және 2007 жыл «ҚР ғылымының дамуына еңбек сіңіргені үшін» куәлік №00718 атты көпжылдық ғылыми еңбегі үшін марапатталды.

Алдыңғы бетӘлімжан Нұрғалиұлы Келесі бет«Л.Н. ГУМИЛЕВ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ»: Лев Николаевич Гумилевтің туғанына 100 жыл толуына арналған ІХ Еуразиялық ғылыми форумның еңбектері

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL