Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

Қорсай ұрпақтарының шежіресін баспадан шығару алқасы

Бас алқа: Разақ Байқұлұлы

Шежіре алқасының құрметті төрағалары: Құдайбереген Тоқтаұлы, Қапез Сүейменов

Алқа мүшелері: Байғанат, Қабікен, Қазезхан, Мұратбек, Матай, Жолдас, Манатбек, Өтеген, Сылан, Қабдыбек, Бораш, Бірлік, Самархан, Әділжан.

Бас редактор: Қапез Сүейменов

Жауапты редактор: Разақ Байқұлұлы

Корректор, хатшы: Әділжан Әлімғазыұлы

Мұқабаны жобалаған: Разақ Байқұлұлы

Мұқабаның бірінші бетінде қазақтың қара шаңырағы, Шанышқылының таңбасы.

Мұқабаның төртінші бетінде Толы ауданының Қарағай бастау аумағынан бір көрініс.

Кітаптың толық нұсқасы (PDF, 142 Mb)

Кітаптың қысқартылған нұсқасы

КІТАПТАН ҮЗІНДІ

Қазақтың байырғы тайпаларының бірі Шанышқылы жайлы

(соңғы сөз)

Жолдас Иманбекұлы

20 ғасырдың 80 жылдарынан бастап қазірге дейін ру тайпалардың шежіресін жазу халқымыз арасында недәуір көбейіп, дамып, ағайын болып ақылдасып, ру болып бас қосып, әрқайсы ру-тайпалар өз руының шежіресін іздестіріп, жинақтап баспаға беріп, бұрынғы ауыздан-ауызға таралып жүргеннен заман талабына сай жазбаша бет алдырып, халқымызыдң шежіре мәдениетін жалғастырып, дамытып, кейінгі ұрпақ ұлтымызды тануға, тарихымызды қалыптастырып жалғастыруға өзіндік үлестерін қосты. Сол қатарда Шанышқылы тайпасы, саңйрау руы дербіс атасынан тарайтын, Қорсай ұрпақтары да Шинжаң көлемінде қоныстанған Шанышқылылардың шежіресін жинақтап, реттеді. Осы жинаққа бір зерттеу мақала жазуыма түрткі болған жағдай: ерте де және осы кезеңде Қытайда және Қазақстанда басылым көрген қазақ шежірелерінің ішінара аз бөлегінде «Шанывшқылы тайпасы» мен «Қатаған тайпасын» біріктіріп немесе Шанышқылы тайпасының жанына жақша ішіне (Қатаған) деп зажып қоятын жәйіттерді көріп қаламыз. «Бір құмалақбір қарын майды шертеді» дегендей бұл адамдарға жаңсақ ұғым қалыптастырып оқырмандарды шатастырғаннан басқа ешқандай ғылыми негізі жоқ бос сөз. Әр дәуірде жазылған шежірелерге немесе елеулі оқиғаларға сол заманның көзқарасы сіңірілетіні табиғи. Сондай бір кезеңде тарих тану көзқарасы кемшіл адамдардың жазып қалдырған шежіресінен көшіріп пайдаланған нұсқалар кейінгілерге жалғасып, шежіренің қосалқы мазмұны болып бүгінгі күнге дейін жеткен болуы мүмкін. Бұл аз болғандай Қазақстанда шығатын «Түркістан газетінің» 1997 жылғы 6 айдың 23, 29 сандарында Әшірбаев Оңалбек деген біреу «Шанышқылы Қатағанның бір баласы» деп жазыпты, бұл мақала ауыл арасындағы қазақтың біреуді-біреу кемсітіп, мұқату үшін қалжыңға шығарған ауыздан шыққан ысқақ әңгімесі оны аңыз есептеп, шежіреге тықпалап кіргізудің немесе мақала етіп баспаға көтерудің ешқандай негізі жоқ, шежіре еріккеннің ермегі емес, шежіре сөз жоқ тарихи мән алуы керек. Ол белгілі бір тиянақты дерекке сүйенбесе, онда ол әншейін ғылыми негізі жоқ, бос сөз болып қалмайма? Біз төменде талдау жасап көрейік, Әшірбаевтың жазуынша «Шанышқылыны  Есімханның қызынан туғызады, оның қызы Қатаған Тұрсынханнан екі қабат болып қалады, Есімханның ханымы қызын аман алып қалу үшін оны ешкімге көрсетпей оңаша ұстайды» – дей келіп Шанышқылы сол баладан тараған еді дейді, ойлаңыздаршы!? Бұл ешқандай шындыққа үйлеспейтін сандырақ емес пе? Біз дәлел пәктіге жүгінейік, Есім хан, Тұрсын хан қай дәірде өмір сүрген? Қай заманда хандық құрған? Ал Шанышқылы қай заманда ру-тайпа қалыптастырған? Бұл жерде ол сөз етіп отырған Есім хан 1598-1628 жылдар аралығында 30 жыл хандық құрған адам. Сол кездегі хандардың билікке таласуынан туылған шайқас, Ташкент өңірінің билеушісі атаққұмар қанішерлік саясатын жүргізіп, Қатағандардың тұқымын тұздай құртып, қанды қырғын жүргізіумен бірге, оған ілескен ру-тайпаларды жүйеден Ташкенттегі Шанышқылы тайпасының бір бөлегінде қырғындағаны тарихи шындық. Осы оқиғаның өзінде Шанышқылы сол кездегі дүниеге әлі келмеген бала емес қой. Ал Әшірбаевтың айтып отырған Есімхан қырғыны 400 жыл бұрын болған оқиға, сонда Шанышқылы кеше ғана дүниеге келген баладан тараған тайпа ма? Жоқ олай болу мүмкін емес, соны да айта кетейік, Қатаған сияқты бір үлкен көне тайпа, іргелі елді түгелдей құртып жіберу, Есімханның мықты жеңісі емес, тарихшылар: бұл бүкіл қазақ ордасының үлкен жеңілісі болды, жауынгерлігі мен батырлығы әйгілі болған сол кездегі екі сан Қатаған аман болғанда алты алаш, алты сан қазақ болар еді, деп өкінеді. Сонда осындай қанқұйлы хан қас жауы Тұрсынханнан пайда болған баланы сақтап қалуы мүмкін бе? Ал Шанышқылы тайпасын сөз етер болсақ арыдан айтсақ, жер шарында жолсыз жерлерге жол салып, иен, бітеу жерлерді ашып, жайылыс, қоныс еткен көшпенді халық өздері мекен еткен жерлердің жаратылыстық жағдайына қарай немесе қоныстанған адамдардың тарихи болмысына қарай өздерінше ат қойған, сондай қойылған аттар соңғы адамдарға жалғаса берген, сол кездегі

Өткен тарихи оқиға, адам аттары, жер-су барлығы да сол замандағы ұлт, ру-тайпалардың жүрген мекен еткен іздерінен дерек беретіні баршаға мәлім, қазіргі Ташкент қаласының ежелгі аты «Шаш» делінеді (бұл ауыздағы аңыз емес, нақтылы тарихи дерек) демек, бұл Шанышқылы тайпасының атына қойылған, әрі «Шаш» сол кезде Шанышқылы тайпасының орталығы болған қала.

Шинжаң қоғамдық ғылымдар академиясындағы мамандар «Жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» ды қазақ тілне аударып қазірге дейін 3 томдық кітап басып шығарды. Бұл кітап өте ерте замандардан бергі мемлекеттердің эволюциясынан құнды деректер беріп, қазақ тарихының арғы тектері (Біздің заманымыздан бұрынғы 1764 жыл шамасында) үйсін, қаңлы, шаш (Шанышқылы), жалайыр, арғын, т.б. тайпалар еді деп жазылған. Ерте замандардан бері тарихи шежірелерде қаңлы мен Шанышқылы бірге аталып келді. Өйткені бұл екі тайпаның да ұлы жүз үйсін ұлысының ішінде Төбейдің ұрпақтары әрі ежелден ауыл аралас, қойы қоралас бір өңірде көршілес қоныстанып келе жатқандықтан ұрандары да ұқсас тайпалар. Қаңлы тайпасы қазақ әулетінің қала берсе бүкіл түрік халқының ата-бабалары атанған тұлғалы тайпа екендігі Жұңго жылнамаларында анық жазылған, және осы деректемелерде: Шанышқылы ежелгі елдің бірден-бір ұрпағы деп көрсетілген. Сондай-ақ Шанышқылының өзіндік мәдениеті бай тарихы бар көшпенді жұрт екендігі дәлелденген, Шадыман Ахметұлы құрастырған «Ежелгі үйсін елі» деген кітаптың (Шинжаң халық баспасы 2005 жыл 302 бет) солтүстік әулеттер тарих бөлімінде: «Шаш елі бұл бұрынғы қаңлы елі Перғанның солтүстік батысында Дәйдан 15450 ли шалғай (Тай уди заманы) таянның 3 жылы (437) сарайға тарту-таралғы мен елшісін жіберді. Сонан кейін қарым-қатынасын үзбеді (3225 бет) – дейді. Халық қашанда алып, халық қашанда дана, қазір бүкіл шығыс зерттеу ғалымдарының назарын өзіне магниттей тартқан «Жұңго тарихнамалары» тұрік халқы оның ішінде қазақ тарихын осыдан 20 ғасыр бұрын ғұмыр кешкен бабаларымыздың ұлылығын, даналығын, сана-сезімін, салт-дәстүрімізді, ата-тегімізді қолмен қоғандай айқын меңзеп берді, ағартушы, жазушы Сұлтан Жанболатов «Шаншора күнби» деген тарихи романында (орталық ұлттар баспасы 1988 жылы 39-42 беттері) «Алдымен естеріңде болсын еліміздің іргесі Арқадан Алтайға дейін алдымызда Алатау асып Шаштарға дейін кеңейгендіктен әрі оларға жабығы дайындау қажет болып отыр, – деген болатын Қаншора күнби одан ары…. Ыстық көлдің түстігін мекендеген байырғы тайпа, енді бертіндігі қосылған жұрттардан қарсыға Ыстық көлдегі Жеті өгізден ары қарайғы Шаш тайпасына Жабығы-самса, наменгер-ожырай, Елтемір, Шат-топте болыпты» десе, «Қазақ тарихының 5000 жылдың баяны» атты кітапта: (Рауан баспасы 1996 жыл) «Жұңгоның көне шежірелерінен алынған бұл зерттеуде біздің заманымыздан бұрынғы 2355-2357 жылдар шамасында қазір біздер 2000 жылдың биігіне жетіп қалдық десек, бұдан 4355-4357 жылдар мөлшерінде көне қазақ жерінде хианы-хұнсиуй, Шиажін, Икіуй, Ани-дини деген тайпалар тіршілік еткенін жазған, оларды Тсзекғуй, Шоң би деген хандар біздің заманымыздан бұрынғы 1764 жыл шамасында билегені жөнінде жылнамалар хабарлайды, бұл қазақ халқының арғы тектері Хугір (Найман), Қоңыр (Қоңырат), Шаш (Шанышқылы), Икю (Үркінші ұлы иузи) арғын т.б тайпалар еді» деп жазған, жоғарыдағы деректерге қарағанда Шанышқылы көне тайпаның бірі ретінде Шаш елі деп аталып тұрмайма? Еліміздің Фұдан университеті тіршілік ғылымы академиясындағы Ли хуй доктор:  nttp: // club.chinaren.com торапта айтқандай: «арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстардың ұйымдық тобы ретінде ру бұдан 150 мың жыл бұрын қалыптаса бастады». Демек қазақ халқының да етникалық негізін сол бір есте жоқ ескі замандарда өткен әр текті, әр тілде сөйлеген, тас құралдар дәуірінен келе жатқан ру-тайпалар құрағаны анық, шанышқылы тайпасының ата-тегі жөнінде жан-жақтылы баяндаған көптеген ғалымдардың және тарихшы шежірешілердің еңбектері жарық көрді, мысалы: «Қазақ совет энциклопедиясының 12 том 178 бетінде»: «Шанышқылы ұлы жүз құрамында көне тйпа» деп ашық көрсетілген осы көп томдық кітаптың «11 том 373 бетінде» «Жетісудағы ұлы жүздің қалыптасуы 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырдың басында аяқтады»сол тұстарда қазақ хандығының негізін қалаған ұлы жүзге қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдермен өткен Жалайыр, Қаңлы, Албан, Суан, Дулат, Шапырашты, Сіргелі, Шанышқылы, Ысты, Ошақты, Сары үйсін, Қатаған тайпалары еді. Бұл тайпалар біздің заманымыздан бұрынғы 105 жылы Жетісу, Шинжаң105 жылы Жетісу, Шинжаң, Қашқар, қазіргі Қырғызстан жерінде Үйсін бірлестігінің біздің заманымыздың 6-7 ғасырында Дулу (Ұрби) одағының одан кейін батыс түрік қағандығының құрамында болды» деп көрсеткен. Және де осы көп томдық энциклопедияның «6 том 542 бетінде»: «Қатаған 12 ғасырдың соңында Шыңғыс ханмен жауласқаннан кейін 16 ғасырда Ташкент хандығының тірегі болған жауынгер ел 1628-1630 жылдары Есімхан Қатағандарды қырғынға ұшыратқан соң ыдырап бір бөлігі өзбек халқының және ұлы жүз Шанышқылы тайпасына сіңіп кеткен, біо бөлімі қаңлыға өтіп Сұлтанғазының қол астына кірген» – дейді, жоғарыдағы мысалдардан Шанышқылы мен Қатаған басқа-басқа көне тайпалар, әрі Қатағанның қалдықтар Шанышқылыға сіңгендігін ашық дәлелдеп тұрмайма? Ал 18 ғасырда өмір сүрген, артындағы ұрпаққа үлкен мұра жазып қалдырған шапырашты Қазыбек Таусарұлы «Түп тұқианнан өзіме шейін» деген атпен жарық көрген «Алматы жалын баспасы 46 бет» тарихи еңбегінде автор: «Майқы би дәуірі бейқұтшылық болса керек, өйткені батысы Бқтияр балалары Байсын, Исін, Батыс терістігі Арыстың Жан, Бал, Бұл балаларының тұқымы, сөйтіп Майқы дәуірі төңірегін өз туысқандары қазақтары қоршаған Бейқұт заман болыпты» – дейді, мінеки 300 жылдың алдында жазылған (1776 жылы жазылған) осы шежірелердің өзі-ақ Шанышқылының көне тайпа екендігін сыйпаттап тұрмайма, біздің елімізде баспа бетінде жарық көрген бірнеше шежірелерден де мысал келтірер болсақ Сүлеймен Бердіұлы 1903 жылы толықтап жазған «Қазақ шежіресінде»

«Ақ арыстан Бақтияр, Шанышқылы,

Бақтиярдан Үйсін, Дәулет екі ұлы» (Қазақ шежірелері 1 кітап Іле халық баспасы 1990 жыл 142 бет) десе, осы жинақтың 153 бетінде Нұрболат Оспанұлы жазған шежіреде:

«Ұлы жүз ақ арыстан екі бал,

Оқығандар ойлаңыздар зейін сала.

Бақтияр мен Шанышқылы ағайынды,

Сол кезде болған іске енді қара» деп жоғарыдағы шежіренің мазмұнын толықтап, айқындай түседі. Және бір мысал «Қазақ шежіресі 1 кітап» (Шинжаң жастар өрендер баспасы 1996 жылы 45 бет) ұлы жүз руынан шыққан Мейірханның жазған шежіресінде: «ұлы жүз әдетте 13 атаға бөлініп айтылады, олар: Сары үйсін, Жалайыр, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Албан, Суан, Дулат, Қатаған, Қаңлы, Шанышқылы, Тутаңбалы, Сіргелі» – делінеді осы шежірелер жинағының бұдан басқа бірнеше тақырыптарында Шанышқылының көне тйпа екендігін сыйпаттайтын анықтамалар бар, бірақ нұсқалары бір келкі емес, тіпті шанышқылыны ұлы жүз тайпаларының ең басына келтіргені, Қаңлы, Шанышқылыны Қоғамнан тарататындар да кездеседі, мейлі тайпалардың шығу тегін бір ізге түсіру біздің мақаламыздың мақсаты емес, сондықтан ондай бір арнасыздыққа тоқталмады, елдің назарын аударып жүрген қазақ елінің әйгілі тарихшысы, жазушы Мұхтар Мағауинның «Есім хан және оның заманы» атты мақаласынан («Қазақ әдебиеті» газеті 1993 жылы 10 желтоқсан) ыстат келтірейік. Бұл мақалада Қатаған қырғыны жөнінде Есім ханның қанқұйлы саясат жүргізіп, Қатаған тайпасын түгелдей өлім жазасына кескендігін айта келіп: «Құдіретті Қатаған қауының арбаның күпшегінен бойы асқан еркек кіндіктісі түгел найзаға ілінеді, әйел заты түгел үлес-олжаға беріледі, әртүрлі себептермен кешірім жасалған жеке топтары басқа руларға таратылады. Өзімен бірге жауға аттанған Қатағанның бір бөлегіне тимесе керек, бұрынғы қазақ тарихшылары оңтүстік өңірдегі Шанышқылы руы сол Қатағанның «Сарқыты» деп есептейді, деп ойын онан ары жалғастыра береді, әшірбаевты желіктірген осы сияқты мақалалар болса керек, бұл жерде «Атан түйе жолдан таймай ма» дегендей Мұхтар Мағауин мақаламыздың басында айтқанымыздай кейбір шежірелерде Қатаған мен Шанышқылыны бір тайпа деп жазған шежірені пайдаланған, әрі өзі де осылайша жаңсақ түсінген болуы мүмкін, (өйткені ата шежірені зерттеу оның осы мақаласының мақсаты емес) ал лгика ғылымындағы қарама-қарсылықты ой ұғымы заңы бойынша қарасақ Есімхан мен Тұрсынханның тақ таластығынан туындаған Қатаған қырғыны кезінде Шанышқылы тайпасы желден ру қалыптастырған көне тайпа екендігі, әрі сол оқиғада бар екендігі дәлелденіп мызғымас фактымен куаландырылып тұрмай ма? Бұл жерде және де дәріптейтініміз шанышқылы тайпасы да, Қатаған тайпасы да қазақтың көне тайпалары, ал қатаған тайпасы тағдырдың тәлкегіне ұшыраған, қазақ хандарының қатыгездігінен сорлаған, тарих бетінен бір жола өшкен ел. Ұзақ жыл ақпарат саласында істеп өмірінің көбін баспа жұмысымен өткерген, Қазақстандық Керімбай Боранбайұлы көп деректі материалдарды көріп, орыс ғалымдарының және басқа ғалым-ғұламалар мен тарихшы, әдебиетшілердің тарихи шежірелерде жазып қалдырған деректерін зерттей отырып, дәлел факт келтіріп, «Шанышқылы көне тайпа» (Алматы өнер баспасы 2004 жыл 27 бет) деген кітабында Шанышқылы көне тайпа екендігін жан-жақтылы дәлелдей келіп: «Қаңлы тайпасы мен сонау көне заманнан бері аралас-құралас өмір сүріп, бір өзеннен су ішіп, жаз жайлауы, қыс қыстауы бір Шанышқылы сияқты көне тайпаны кеше ғана пайда болған ру деп айтатын болсақ ол әрі қианат, әрі әбестік болады» деп өз көзқарасын қортындылайды. Әрі осы көлемді кітаптың 33 бетінде: «Шанышқылы еш жақтан қоныс аударып көшіп келген ел емес, сол ерте заманнан бері Оңтүстік өңірі, Шыршық, Ташкент аймағы мен Келес алқабын, Сыр дрия бойын мекендеген байырғы тайпа» деп тұжырымдап, Шанышқылы Қатағансыз-ақ өз алдына бұдан 20 ғасырдан бұрынғы байырғы тайпа екендігін, ал Қатағанның бір бөлігі Шанышқылыға сіңіп уақыт өте келе Шанышқылы тайпасының бір тармағын қалыптастырғандығына дейін тағы бір қырынан нанымды дәлелдейді. Әрине уақыт өткен сайын жаңаның көнеріп, тарих сахнасынан бір жола өшетін кезеңі де болады. Тарихтан бері небір тар жол, тайғақ кешулерден өтіп, талай-талай таухыметті замандарды көрген қазақ тарихының көші не көрмеді дейсіз? Сондай бір аласапыран жылдарда ру-тайпаларды қойып, ұлттар ара бір-біріне сіңіп сол тайпаға немесе сол ұлтқа тәуелді болып кеткендер көп, қазақ шежіресі әлі күнге дейін толық зерттеліп болмаған құнды қазына, ол халқымыздың этникалық тегін таратып береді. Шежіре бір жекенің туындысы емес, оның авторы халық, өйткені халық арасынан дұрыс жинақтап, аңыз деректерге ғылыми тұрғыдан талдау жасап, жазылған деректерге сынды көзқарас пен мән бергенде ғана ол шежіре дұрыс болады. «Тарих дегеніміздің өзі өмір тану мектебі» дегендейін әрбір мемлекетті, халықты, ұлтты әлемге танытатын да, мойындататын да оның тарихы мен мәдениеті,сондықтан халықтың шежіре тарихын жазғанда оны тарихи деректерге негізделіп, дәлел-спатқа, халық мойындайтын фактыге жүгіне отырып, жан-жақтылы зерттеп жазуымыз керек.

Алдыңғы бет"Батыр Баба - Бердіқожа" әні Келесі бет"Тозақ оты", Қабдеш Жұмаділов

отзывов (6)

  1. Исламбек:

    19 Қараша 2013

    Жауап беру

    қазақ тілінде жазылған нұсқасы жоқпа?

  2. Ерғали:

    25 Сәуір 2014

    Жауап беру

    Алғысым шексіз, Алла разы болсын!!!

  3. Денисбек:

    14 Мамыр 2014

    Жауап беру

    Қазақша тілде жазылғаны жоқпа ?

  4. Денисбек:

    14 Мамыр 2014

    Жауап беру

    Неге Ташкенттегі Қорсай жайлы жазылмақан Қорсай деген тек қытайдама не ?

  5. Мейрамхан:

    29 Шілде 2014

    Жауап беру

    Тарихи шындық бұрмаланбай, ұстағанның қолында тістегеннің аузында кетпеуі керек. Тарих біздің өткеніміздің айнасы. Сондықтан айнаның беті жазық,жүзі жарқырап тұруы керек.Мына мақаланы оқып отырып автордың көп шындықтың шымылдығын ашқанына тәнті болдым. Менмін деген кейбір тарихшысымақтың бос қиялын жоққа шығарғаны ұнады. Ғылыми дәлелдерді тарихи оқиғалармен қоса өріп оқырманға ұсынғаны әсіресе маңызды.Қазақтың даласында соққан жел мен қасиетті жерінде өскен бір тал жусанының өзі елдігіміздің күйін шертетіні хақ. Сондықтан осындай тұщымды дүниелердің көп болғаны ата тарихымызды толықтай тануға кең мүмкіндік беретінін ұмытпағанымыз жөн. Мақала авторына зооор алғыс айтамын.

  6. Талғат:

    30 Желтоқсан 2014

    Жауап беру

    Зерттеген адамның атасына рахмет.

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL