
Автор: Əбді-Уəлі Қалтайұлы Данаев
1932 жылы ақпан айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қызылдиқан ауылында дүниеге келген. 1948 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебінде Қаратай Тұрысов, Шерхан Мұртазамен бірге оқиды. Орта мектепті Қарекең екеуі Алтын медальмен тəмамдайды. Сөйтіп, мектеп бітірген соң Ленинград қаласындағы теміржол институтына оқуға түседі. 1955 жылы оқуын ойдағыдай бітіріп, өз туған жеріне дипломмен оралады. Сол жылы Жамбыл стансасында кезекші жəне басқа да жұмыстар атқарады. Əбекеңнің еңбекке деген құштарлығы болса керек, қолына қалам алып хобби ретінде «Еңбек туы», «Ақ жол» газеттеріне мақалалар жариялап, штаттан тыс тілші атанып жүреді. Үздік өнертапқыштығының арқасында медальдармен марапатталды. Шойын жолдың терминдерін қазақшаға аударуға көп еңбек сіңірді. Əбекең қазір 80 жаста. Əлі де колледжде дəріс оқиды. Пойыздар жүрісінің, жүк, жолаушы тасымалының, график сызудың доценті атанды. Айта берсең теміржол генералы деген атаққа ие болды. Осы өмірінде ешкімнің ала жібін аттамаған қария, ақ-қараны таразылаудан, жастарға тəлім-тəрбие беруден ешқашан жалыққан емес. Қазіргі кезде жазып жүрген бір-екі кітабы жарық көрмек.
Кітаптың толық нұсқасы (PDF, 58 Mb)