Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

ШАНЫШҚЫЛЫ БЕРДІҚОЖА батыр
(1708 - 1786.)

Әйгілі Мәшһүр Жүсіп «Абылай заманындағы ең атақты, сенімді батырлардың бірі болған» деп сипаттаған Бердіқожа – жоңғарларға қарсы Ұлы жүздің қолын бастаған батырлардың бірі.

Дерек көздері «Абылай хан Бердіқожа батырсыз кеңес өткізбеген, жорыққа да шықпаған» деп жазады.

Ұлы жүзде оны Төле биден кейінгі ірі саяси қайраткер, даңқты қолбасшы, шебер мәмілегер ретінде есептеген.

Қаһарлы қолбасшы, жекпе-жекте жау түсірген жаужүрек батыр Бердіқожа әйгілі Қабанбай батырмен қанаттаса жүріп Ұлытау өңіріндегі Бұланты, Білеуті және Сарысу бойындағы Итішпес, Алакөл маңындағы Аңырақай шайқасында, Іле басындағы Талқы, Ебі, Алакөл, Алтайдағы Ұлансу, Мамырсу, Шар, Шорға шайқастарында Ұлы жүз жасақтарын басқарған. Оның ерлік істері жыр-дастандарға арқау болып, «Бердіқожа батыр» деген поэма бүгінге жеткен.

Жоңғарларға тойтарыс берілгеннен кейін Бердіқожа ел билеген. Ресей және Қытай басшыларымен мәмілеге жүрген. Оның есімі Қытай және Ресей жылнамаларында ерекше құрметпен аталады. Бердіқожа батыр қазақ пен қырғыз арасындағы қатынастарды реттеуге белсене араласқан. Оның ерлік істері «Қырғыз шежіресінде» айрықша айтылады. Бүгінгі қазақ-қырғыз шекарасының сол кездері қалыптасуына Бердіқожа батыр үлкен үлес қосқан. Дегенмен, қойы қоралас, елі аралас, бауырлас халықтың дау қуып, жау болуы салдарынан даңқты батыр қартайса да қайратын көрсетіп, ат үстінде ерлікпен қаза болады. Аласапыран заманда халқына қорған болған Бердіқожа батырды елі арулап жерлеп, ардақтап күмбез тұрғызады. Қарқаралы жерінде, Көкшетау мен Дуана таулары арасында, Дағанделі өзенінің биік бір белесінде сәулетті мазары бой көтереді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шанышқылы Бердіқожа батырдың мұрасы қайта тірілді. Көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің арнайы зерттеу мақаласы жарық көрді. Бердіқожа батыр есімі Қ.Жұмаділов, А.Сейдімбек сияқты қарымды қаламгерлердің шығармаларында атала бастады. Профессор, академик Б.Қасымбековтың ұйытқы болуымен батыр мұрасын жандандыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Ұлы қолбасы туралы қазақ, қытай, орыс, өзбек тілдеріндегі материалдар жинақталып, бұрын жарық көрмеген тың мұрағат құжаттары ғылыми айналымға түсе бастады. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде «Алаштың алдаспаны» деген көлемді мақала жарық көрдіБатырға арналған «Шанышқылы Бердіқожа батыр» атты жеке жинақ шықты. Айтулы ақын Н.Айтұлының «Бердіқожа батыр» деген поэмасы жарық көрді.

 

Келесі бет"ШАНЫШҚЫЛЫ тайпаның ақтаңдақ жақтары". Әбдуәлі Данай

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL