Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

Бердіқожа батыр кесенесі

Ескерткіш Дағанделі өзенінің жағалауындағы (70 метрлік қашықтықта) төбеде орын алады.  Қара жолдар кесіп өтетін осы далалық ландшафттағы кесене кең даланың биік жерінде орналасқандығына байланысты бірнеше шақырымнан көрініп тұратын болған.

Кесене балшық ерітіндісінен жасалған саз кірпіштен (8-9 х 23 х35 см), көтерілген, кірпішті жасауға арналған саз да дәл осы жерден алынған. Сазды керекті ерітінді дәрежесінде дайындаған шұңқырдың іздері, оған қоса су алынған құдықтың орны сақталып қалған (кесененің солтүстік-батысында50 метрқашықтықта).

Қазіргі таңда ескерткіш қираған күйде тұр (тек қана үгітіліп құлаған бір қабырғасы және бұрышының құрылымы сақталып қалған). Алайда, осы қалдықтардың арқасында, және де ұқсас материалды қолдану арқылы ескерткіштің графикалық қайта құрылымы жасалды.

Кесене күмбезді – орталықтас түріне жатады. Ескерткіш негізінің квадраттық жоспары параболалық, біртіндеп түсірілген қалау, көрінісіндегі күмбезбен шір кигізілген. Дала қазақтарының ескерткіштеріне тән осындай құрылымдық тәсілдің арқасында күмбез биік болған.

Болжам бойынша кіретін ойық солтүстік-батыс қабырғасының ортасында орналасқан, сондықтан да өзен жазықтығына және ертеде (орта ғасырлар шамасында) болған жолға бағытталған.

Кіреберіс күмбез тәріздес түсірілген қалаудан жасалған, ал нобай арка параболалық мәнерде болған. Күмбезде екі немесе төрт үшбұрышты ойық (түзу және көлденең өзегінде), ал үстіңгі жағында жарты ай тәріздес сүмбі болған. Алайда ертедегі кесенелерде, яғни, XVIII–XIX ғасыдың басында сүмбі мен жарты айлар өте сейрек орнатылған.

Ішкі көріністің ерекшелігі – әр қабырғаның төменгі жағында екі аркалық қуыс орнатылған, осыған ұқсас қуыстар кіреберістің қабырғасында болуы да мүмкін. Жақынарада орналасқан ұқсас кесенелерге қарай отыра кесене бөлмесі сылақпен қапталған және ағартылған.

Ескерткіштің басты ерекшелігі болып дөңгеленіп жасалған негізінің бұрыштары табылады. Мұндай тәсіл күмбезсіз Сарыарқаның кесенелеріне, оған қоса ерте XVIII ғасырдың қазақ ескерткіштеріне тән.

Болжаммен, кесененің өлшемдері келесідей болған: жоспары бойынша 7х7 метр (сақталып қалған қабырға6.4 метр), биіктігі 7–8 метр болған.

Бердіқожа батырдың кесенесі қазақ тарихының сәулет өнері үшін зор мағынасы бар, өйткені XVIII ғасырға мықты мерзімделген ескерткіш Қазақстан аймағында өте сейрек. Сондай-ақ, сол уақытта күмбезді кеменелер өте сейрек кездескен және сол себепті олар кешірек соғылған кесенелерге үлгі болғаны әбден мүмкін.

Э.Бәйтенов, арх. ғ.  докт., А.Тоқтабай, тарих ғ. канд.

Бердіқожа батыр кесенесінің археолог-этнографиялық зерттеулері” (орыс тілінде)

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL