Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өттіҚазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Қазақстан ұлттық арнасы: Қарағандыда Шанышқылы Бердіқожа батырды еске алуға арналған жиын өтті

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаныЕгемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

Егемен Қазақстан газеті: Алаштың алдаспаны

"Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?""Айқын" газеті: "Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?"

“Айқын” газеті: “Ақиқатқа айналмаған аңыз немесе Бердіқожа батырдың бейіті қалай қазылды?”

Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"Казахстанская правда: "Батыр, защитник, дипломат"

Казахстанская правда: “Батыр, защитник, дипломат”

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанатыОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыраОткрытие мавзолея Шанышкылы Бердыкожа батыра

Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің ашылу салтанаты

КіріспеГлавнаяMain

Кіріспе

ШАНЫШҚЫЛЫ БЕРДІҚОЖА батыр
(1708 - 1786.)

Әйгілі Мәшһүр Жүсіп «Абылай заманындағы ең атақты, сенімді батырлардың бірі болған» деп сипаттаған Бердіқожа – жоңғарларға қарсы Ұлы жүздің қолын бастаған батырлардың бірі.

Дерек көздері «Абылай хан Бердіқожа батырсыз кеңес өткізбеген, жорыққа да шықпаған» деп жазады.

Ұлы жүзде оны Төле биден кейінгі ірі саяси қайраткер, даңқты қолбасшы, шебер мәмілегер ретінде есептеген.

Қаһарлы қолбасшы, жекпе-жекте жау түсірген жаужүрек батыр Бердіқожа әйгілі Қабанбай батырмен қанаттаса жүріп Ұлытау өңіріндегі Бұланты, Білеуті және Сарысу бойындағы Итішпес, Алакөл маңындағы Аңырақай шайқасында, Іле басындағы Талқы, Ебі, Алакөл, Алтайдағы Ұлансу, Мамырсу, Шар, Шорға шайқастарында Ұлы жүз жасақтарын басқарған. Оның ерлік істері жыр-дастандарға арқау болып, «Бердіқожа батыр» деген поэма бүгінге жеткен.

Жоңғарларға тойтарыс берілгеннен кейін Бердіқожа ел билеген. Ресей және Қытай басшыларымен мәмілеге жүрген. Оның есімі Қытай және Ресей жылнамаларында ерекше құрметпен аталады. Бердіқожа батыр қазақ пен қырғыз арасындағы қатынастарды реттеуге белсене араласқан. Оның ерлік істері «Қырғыз шежіресінде» айрықша айтылады. Бүгінгі қазақ-қырғыз шекарасының сол кездері қалыптасуына Бердіқожа батыр үлкен үлес қосқан. Дегенмен, қойы қоралас, елі аралас, бауырлас халықтың дау қуып, жау болуы салдарынан даңқты батыр қартайса да қайратын көрсетіп, ат үстінде ерлікпен қаза болады. Аласапыран заманда халқына қорған болған Бердіқожа батырды елі арулап жерлеп, ардақтап күмбез тұрғызады. Қарқаралы жерінде, Көкшетау мен Дуана таулары арасында, Дағанделі өзенінің биік бір белесінде сәулетті мазары бой көтереді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін шанышқылы Бердіқожа батырдың мұрасы қайта тірілді. Көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің арнайы зерттеу мақаласы жарық көрді. Бердіқожа батыр есімі Қ.Жұмаділов, А.Сейдімбек сияқты қарымды қаламгерлердің шығармаларында атала бастады. Профессор, академик Б.Қасымбековтың ұйытқы болуымен батыр мұрасын жандандыру бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Ұлы қолбасы туралы қазақ, қытай, орыс, өзбек тілдеріндегі материалдар жинақталып, бұрын жарық көрмеген тың мұрағат құжаттары ғылыми айналымға түсе бастады. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде «Алаштың алдаспаны» деген көлемді мақала жарық көрдіБатырға арналған «Шанышқылы Бердіқожа батыр» атты жеке жинақ шықты. Айтулы ақын Н.Айтұлының «Бердіқожа батыр» деген поэмасы жарық көрді.

отзывов (13)

  1. жангали:

    24 Тамыз 2012

    Жауап беру

    оте жаксы сайт екен, тарихи кунды маліметтері мол, агайын, кутты болсын!

  2. Қалмахан:

    27 Қараша 2012

    Жауап беру

    Шалбаев Қалмахан. Сайттан өте мол ата тегіміз туралы қажетті информация алуға болады. Бақтыбай мырза зор еңбек етіп бізді қуантты.

  3. Ардаби:

    29 Желтоқсан 2012

    Жауап беру

    керемет сайт құтты болсын Бақтыбай ага! Бердіқожадай ер қайталанбас!

  4. Нурболат Ешентаев:

    1 Ақпан 2013

    Жауап беру

    8 сыныпта дәл осы батырлар туралы өткенбіз. Қазақ өзі мақтаншақ халық қой, сыныптастарым өзінің руынан шыққан батырларды мақтан тұтып айтып отыратын, сол кезде сәл төмен қарап ойланып таң қалатынмын, неге Шанышқылы руынан шыққан батырлар аталмаған әлде, біздің рудан батыр шықпаған ба деп. Міне енді біз уақытысында мақтанып айта алмасақ келешек інілеріміз, ұрпақтарымыз Шанышқылы Бердіқожаны Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлармен қатар аузына алып жүреді. Мені тағыы бір қуантқан жайт Гумилев ат.ун-ң айтқан сөзі, бұл батырдың есімі 8сыныптың кітабына енгізіледі дегені. Енді тек Шанышқылы жұрты емес бүкіл қазақ халқы мақтан тұтады. Бұл сайт өте керемет. Бахыт көке сайт өте мықты шыққан, ешқандай осал тұсын таба алмадым.

  5. Шағаев К.М:

    18 Наурыз 2013

    Жауап беру

    Шанышқылы-жауғашты тұралы неге мәлімет өте аз Мәлімет берүлеріңізді сұранамын!!! Жауғашты Шанышқылы Кәрім Мәлікұлы Шағаев!!!

  6. Бекежанулы Жанболат:

    1 Қаңтар 2014

    Жауап беру

    Мен Бекежанулы Жанболат сайт оте жаксы.Мен Шанышкылы Дарханмын.Дарханнан Байболат,Толымбек,Тойтыкен,Кудайберген,Мамажан,Самижан,Садиржан.
    Самижаннан Бекежан.Бекежаннан Бекболат,Жанболат.Быз егызбыз.5 сыныпта окимыз.Алматыда турамыз.Сонгы шежыреде бызды коспапты.Шанышкылы бауырларга айтарым, келесыде шежырены толыктап жазса екен деймын.Рахмет

  7. Ерғали:

    25 Сәуір 2014

    Жауап беру

    АЛЛА разы болсын!!! Өз руымыз жайлы мәліметке көз жеткіздік, Алғысым шексіз,

  8. Акхан:

    18 Қазан 2014

    Жауап беру

    Жақсы!!!Бабалар аты умытылмау керек, ол биздин яғни жастар қолында, Бақтыбай аға еңбегінизге мың тағзым. Бердикожа бабамыздын атынан фонд бармекен???

  9. Ереке:

    4 Маусым 2015

    Жауап беру

    Картина авторы Елетаев Ербол.
    Қаратай Тұрысов мырзаның тапсырысымен картина жазылған.

    • Б.Касымбеков:

      20 Маусым 2015

      Жауап беру

      Бизге суретшинин телефонын адресин тауып берсениз. Рахмет

      • Эльзира:

        24 Қыркүйек 2015

        Жауап беру

        8-705-180-81-82 Алматыда турады.

  10. Маликов Куанышбек Талгатович:

    21 Қыркүйек 2015

    Жауап беру

    Мен Уз.Респ. Ташкент обл. Жогары Шыршык ауданы
    Каратукым ауылынанмын. Сайт тамаша ! Ракмет сиздерге.
    Мен сиздерден сурайтыным Шанышкылы Каратукым
    жайында толыгырак малимет берсениздер.
    Алдыннан улкен Ракмет!

  11. Ермеков Алтынбек:

    19 Қазан 2015

    Жауап беру

    Бақтыбай аға! Исі Қазақ Алланы бір деп құлшылық етіп, әруаққа тағзым еткен елміз. Шаныщқылы Бердіқожа батыр бабамыздың еңбегі мен атын жарыққа шығару жолында еткен еңбегіңіз шексіз, нәтижесі әр бір қазақ жүрегін қуантары рас, ризамын. Ата-бабамыздың, Шанышқылы Бердіқожа батыр бабамыздың әруағы қолдап жүрсін. Жүзіңізді екі дүниеде де жарық етіп, Алла разы болсын.
    Ермеков Алтынбек Керімбайұлы

Пікір қалдыру

Аты(міндетті)

URL